Авторлық құқық алу үшін не істеуім керек?
Мен ұзақ жылдар бойы зерттеген дүниежүзілік күнтізбе тақырыбы туралы еңбегімді кітап етіп жазған едім. Сол кітабыма авторлық құқық алу үшін не істеуім керек? Осы жайлы біліп берсеңіздер екен. Алдын ала рақмет!
Риза НҰРАХМЕТОВА, Семей қаласы
Сіз өз еңбегіңізді Зияткерлік меншік құқығы комитетіне тіркете аласыз. Ол үшін сізге аталмыш комитетке төмендегі құжаттар тізімін ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) туындының данасы;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын құжат.
Ал өтініш бланкісі, алым көлемі мен төленетін реквизиттерді www.intellkaz.kz сайтынан таба аласыз. Сондай-ақ тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және әр бетіне автордың (құқық иеленушінің) қолы қойылуы қажет. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы комитеті. Ресми сайты: www.intellkaz.kz