Ардагер самбошылар жетістігі

Ардагер самбошылар жетістігі

Марокконың Касабланка қаласында самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіпті. Осы біріншілікке Қоныс Жетпісов те қатысты деп естідім. Қазақстан балуандары ішінен кімдер жүлдеге қол жеткізді екен?
Бекен МҰРАТ,
Орал қаласы
Ардагерлер арасындағы биылғы әлем чемпио­наты төрт жас мөлшерінде өтті. Оған 22 елдің үл­кен спорттан қол үзсе де, бозкілемнен кетпеген ба­йырғы балуандары қатысты. Жалпы саны 500-ге жуық 35-39 жас аралығындағы сында 2001 жы­лы самбодан әлем чемпионы атанған Қоныс Жетпісов ардагер-балуандар арасында да топ жарып, алтынмен апталды. Ол финалда украина­лық Олександр Мохоновты жеңді.
Қанат Жұмабаев 74 келіде күміспен күптелсе, Қайырбек Қабдолов (82 келі), Меңдіхан Қосдәу­летов (100 келі) және Есентемір Демегенов (+100 келі) сынды балуандарымыз қола жүлдеге қол жеткізді.
45-49 жас аралығындағы балуандар арасында ақтық сында орыс балуанын кілемге аунатқан Нұр­жан Ермағанбетов бірінші орын алса, Александр Дудин (100 келі) екінші орынға ие болды. Ал Мұ­рат Әбділдаев (74 келі) үшінші орынды иеленді.
55-59 жас аралығындағы сында Әбдісадық Ха­ли­лаев қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғыры­ның ең биік сатысына көтерілді. Шәкірттерінің өзі халықаралық аренада жүлдеге ілігіп жүрген Әбді­садық ағамыз үнемі спортзалдан шықпайтын ең­бе­гінің жемісін көрді. Осы жас мөлшерінде Ораз­бай Мұтанов (68 келі) екінші орынды иеленді.
60-64 жас аралығындағы 74 келі салмақта белдескен Рамазан Құрмашев та әлем чемпионы атанды. Ол финалда Литва балуанын ұтты. Ана­то­лий Великач (100 келі) күміспен күптелсе, Қабден Жәр­демов (ауыр салмақта) үшінші орынды енші­леп қайтты.
Бәрінен де 65 жастан асқан егде балуандары­мыз жарады. Олар бір емес, екі алтын алды. Бек­ай­дар Төлегенов (68 келі) және Қамен Смағұлов (82 келі) әлем чемпиондары атанып, өздерінің не­мерелері болып келетін жас буынға үлгі көрсетті. Шапай Иманғалиев (62 келі) және Ерұлан Әлиев (аса ауыр салмақ) сынды ақсақалдарымыз қола жүлдегер атанды.
Айтпақшы, 9 қарашада Минскіде әлем чемпио­наты басталады. Ардагерлердің осы жеңісті жолы олардың ізбасарларына жұғысты болсын дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста