Әрбір әйел білуі тиіс

 Ақылды әйелде қосалқы қалта болуы керек. Өйткені бұл ақша сізге кез келген жағдайда керек болады. Мәселен, күтпеген жағдайда киімдерге жеңілдік болады, тосыннан қонақ келеді, үйден шыққанда карточкаңызды ұмыт қалдырасыз немесе әмияныңыз басқа сөмкеде қалып қоюы ықтимал. Ақша қашанда артық болмайды.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Әрқайсысымыздың гардеробымызда кез келген отырысқа киюге болатын сәнді әрі ыңғайлы көйлек болуы керек. Оны іскерлік кездесуге де, кешкі отырысқа да, тіпті салтанатты шараларға да киіп баратын болыңыз.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Өзінің жастық шағынан алыстағанына мойынсұнған жөн. Сағынып еске алғанмен, ол өмірге қайта бара алмайтыныңызды мойындаңыз. Сөйтіп дәл бүгінгі жасыңызға сай өмір сүріңіз.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Жастық шағыңызда көптеген қателіктерге жол бергенсіз, бұзықшылық жасағансыз. Бұл істеріңізге өкініп жылаған болуыңыз да мүмкін. Бүгін соны күле отырып еске алыңыз.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Барлық тақырыпта сөз қозғап, ой бөлісетін жақын досыңыз болу керек. Онымен бірге әр уақытты қызықты әрі мәнді етіп өткізіңіз. Сіздің қамыққан кезіңізде жаныңыздан табылып, көз жасыңызды сүртетін шын досыңыз болсын.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Өзіңіз өте қатты бағалайтын керемет жиһазыңыз болу керек. Оны өзіңіз таңдап, өзіңіз ақшасын төлеп сатып алыңыз. Сапасы мен сәні балаларыңызға да ұнайтындай болу тиіс.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Үйіңізде кем дегенде бірдей 8 тәрелке мен 8 бокал болу керек. Қонақтарыңыз сіздің ыдыстарыңызға қызығып, тамсанып қарайтындай болғаны дұрыс.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Өзіңіз басқара алатын керемет сезім иесі болыңыз. Бойыңызды билеген нәзік сезім сізді бақытты өмірге жетелесін.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Сүюді үйреніңіз және оны жоғалтып алудан қорқыңыз.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Күтпеген жағдайда жұмыстан босауыңыз, сүйіктіңізден айырылып қалуыңыз, тіпті достарыңыздан көз жазып қалуыңыз мүмкін. Өмірдің мұндай сыйына да төтеп бере алатын төзімді болыңыз.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Қай жерде айтқаныңыздан қайтпай табандап тұру керектігін және қай уақытта кері шегіну керектігін біліңіз. Бұл сіздің қадамыңызды сәтті болуына ықпал етеді.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Ұзын аяғын қысқарта алмайтынын, аты мен затын өзгерте алмайтынын түсінген жөн.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Кімге сенім артуға және кімнен сақтану керектігін білу қажет.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Жабыққан кезде қайда барып, жанына тыныштық сыйлауға болатыны да қаперде жүргені жөн. Жалпы, құлазыған көңіліңізді қалай жадыратыныңызды анықтап алғаныңыз дұрыс. Мүмкін сізге құрбыңызбен әңгімелесу ұнайтын шығар. Бәлкім асүйде түрлі тағамдар пісіру ойыңызды бөлетін болар.

Мүмкін басқа қаладан тыныштық іздерсіз.

 

Әрбір әйел білуі тиіс

Бүгін не істейтініңізді және не істемейтініңізді біліңіз. Тіпті, аптаға, айға жоспар жасап қойыңыз.

Ләззат Ахметова

kz.el24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста