Ақынның әкесі кім болған?

Көптеген кітаптарда Мағжан Жұмабаевтың өзі туралы айтылады да, әкесі туралы деректер кездеспейді. Ақынның әкесі кім болған?
Ербосын Ғабиденұлы,
Алматы облысы

Мағжан туралы зерттеп жүргендердің бірі Еламан Шалбаевтың келтірген деректері бойынша, Мағжанның әкесі Бекен Жұмабаев кезінде елдің солтүстігіндегі Сарыайғыр уе­зінің болысы қызметін атқарған. Ол сөз өнерін жетік меңгергенімен қоса, айтыс ақыны да болған. Мағжанға ақындық әке­сінен дарыған болса керек. Мағжанның әкесі 1934 жылы Петропавлдағы қазақ-татар зиратында жерленген. Ұзақ жылдар бойы оның зиратын көздің қарашығындай етіп сақтап келген ақын туыстары Бекен қарт жерленген жерді зерттеушілерге дәл көрсеткен. Бүгіндері бұл жерде үлкен бәйтерек тамырын жайған. Мағжанның артында қалған туыстары әкелеріне ескерткіш орнатылатын күнді 20 жылдан астам уақыт күткен дейді. Ақынның анасы көз жұмарда көрегендік танытып, неме­релерінің бірінің атын Тасболат қойыпты. Ондағысы «әлі де заман оңалар, Бекеннің басына тасты осы немерем қояр» деген ырымы екен. Бүгіндері ақын анасының сол көрегендігі келді дейді ақын туыстары. Мағжан Жұмабаевтың немере інісі Тасболат Бекеновтің айтуынша, олар әкелерінің ба­сына тас қоюды ұзақ жылдан бері ар­ман­дап жүріпті. Мағжанның өзінің зираты жоқ, қай жерге жерленгенін ешкім білмейді. «Нағыз немересі, отау иесі болған менің әкем мен шешем – Сәлімжан мен Бибізайып. Олар да осы ескерткішті көруді армандап кетті. Шешем 1999 жылы қайтыс болды. Сонда «балам, енді артында қалдың ғой, тым болмаса бір ескерткіш орнатқыз» деп Бекеннің зиратын көрсетті. Жұма сайын барып, Құран оқып отырдық» – дейді Тасболат Бекенов. Бұл ескерткішті орнатуға қаланың зиялы қауым өкілдері 800 мың теңге қаражат жинапты. Темір қазықтар қағылып, жез шынжырмен қоршалған мәрмәр ескерткіш Мағжан Жұмабаевтың 115 жылдығы қарсаңында орнатылды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста