Мұқағалидың туған күні неге бір жылда екі рет тойланады? Туған күні туралы мәліметтер неге әр алуан?
Ақкүн ҚОЙШЫБАЕВА, Алматы қаласы
Рас, Мұқағалидың туған күні жылына екі мәрте аталып өтеді. Себебіне тоқталайық. Ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз. Мұқағали атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар Мұқағалидың екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Әдетте 8 ақпанда өзінің туған жері Қарасазда тойланса, 9 ақпанда өзі өскен, оқыған, қызмет еткен қаласы Алматыда аталып өтеді. Республика көлемінде Мұқағали оқулары мен түрлі мүшәйралар, ақын өлеңдерін жатқа айту, арнаулар оқу, әртүрлі көріністер қою секілді әдеби шаралар өткізіледі.
Ақын ақпанда туған ба, наурызда ма?
Последние статьи автора