АҚШ пен Қазақстанда ғана бар

Алматы облысы аумағындағы Шарын шатқалы Американың Колорадодағы каньондарына қатты ұқсайды. Мұндай тамаша шатқалдар тағы қай жерде бар?
Ғалым Ардабекұлы,
Талдықорған қаласы

Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын ағысы қатты Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді «Қорғанды қамалдар аңғары», «Көртоғай» деп атап кеткен. Осыдан 12 миллион жыл бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса, шетендi тоғай кіреді. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрiне (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) жатады. Шетен тоғайлы Шарын шатқалы әлемнiң тек екi-ақ жерiнде – Қазақстан мен Солтүстiк Американың Колорадо штаты аумағында ғана сақталған. 1964 жылдан бастап шетен тоғайы Табиғат ескерткiші деп жарияланған. Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн – палеолит дәуірі адамдарының жартасқа салған суреттерiн тапқан. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi тіршіліктен нақты хабардар етеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста