Ақиық – бүркіттің бір түрі

Ақын Мұқағали туралы айтылғанда оның есіміне «ақиық», «мұзбалақ» деген сөздерді қосып айтамыз. Бұл сөздердің мағынасы қандай?
Айдана,
Ақтөбе қаласы
Ақиық — бүркіт тұқымдасына жататын, сұңқар тәрізді ірі құс. Негізінен, Алматы облысының таулы аудандарын мекен­дейді. Ересегінің түсі қара қоңыр, иығында ақ дағы болады. Балапан кезінде түсі бірыңғай ақ болады. Ал мұзбалақ – ол бүркіттің жас мөлшерлерінің бірі. Хал­қымыз бүркіттерді жасына қарай төмен­дегідей атаған:
Бір жастағысы – балапан, екі жас­та­ғысы – қантүбіт, үш жастағысы – тірнек, төрт жастағысы – тастүлек, бес жастағысы – мұзбалақ, алты жастағысы – көктүбіт, жеті жастағысы – қана, сегіз жастағысы – жаңа, тоғыз жастағысы – майтүбіт, он жас­­тағысы – барқын, 11 жастағысы – баршын, 12 жастағысы шөгел деп атала­ды. Жалпы, белгілі ғалым Әлкей Мар­ғұ­лан­ның зерттеуінше, қазақ тілінде тікелей бүркітке қатысты 1,5 мыңдай ұғым бар.
Бүркіттің аяғы төрт саусақты. Олардың артқысын– тегеурін, ішкісін – жембасар, ортаңғысын – сығым, шеткісін шеңгел деп атайды.
Бүркіт – сұңқар тәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, оның ең ірісі және бірбеткейі саналатын жыртқыш құс. Қазақ халқы оны жеті қазынаның бірі санап, кие тұтқан. Қазіргі Көк байрағымызда да күн астында қанатын кеңге жайған қыран бейнеленген. Мұқағали туған таулы өлкеде бүркіттердің бірнеше түрі кездеседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста