Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы кімдерге беріледі және оған қалай қол жеткізуге болады?
Ернат Шорманов
– Отандық өндіруші үшін «Алтын сапа» сыйлығын алу – өз тауарының жоғары сапасын мойындату деген сөз. Содан шығар, жыл сайын байқауға қатысушылар саны артып келеді. Ең әуелі тауар өндірушілерді аймақ деңгейінде таңдайды. Содан кейін олар өз өнімін Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығына және «Алтын сапа» бәйге-көрмесіне ұсынады. Бұл шараның басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру, ел нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлармен қамтамасыз ету.
Жуырда осы сыйлыққа қатысты жаңа шарт жарияланғанын айту керек. Енді «Алтын сапаға» қол жеткізгісі келетін өндірушілер «Қазақстанның ең үздік тауары» атты байқау-көрмеге қатысуы тиіс. Бұл сыйлықты жеңіп алғандарға тапсырылған сапа белгісін екі жыл бойы жарнама есебінде пайдалануға болады.