Алтын да аллергия тудырады

Қазір аллергиядан зардап шекпейтін адам кем де кем: химиялық дәрі-дәрмектер, тағамдар құрамындағы түрлі жасанды қоспалар, ауадағы зиянды заттар… Ал мен саусағыма алтын жүзік тақсам болды, орны қызарып, ұсақ бөртпелер шығады. Сонда алтын да аллергия беруі мүмкін бе?
Дәрия Мұхтарқызы,
Астана қаласы

Дәрігерлердің айтуынша, алтын бұйымдар да аллергия тудырады. Аллергияның белгілері 7-14 күнде белгі бере бастайды. Негізінде, аллергияны ту­дыратын алтынның өзі емес, одан жасалатын бұйымды берік ету үшін қосылатын қос­палар көрінеді. Мысалы, мыс, мырыш немесе никель. Алтын бұйымның сары әлде қызыл түсті болуы да сол қоспаларға байланысты екені белгілі. Қоспасыз алтын жоқ. Тіпті тіс қаптау үшін пай­даланылатын стоматологиялық алтынның құра­мында да 10 пайыз қоспа болады. Кейде алтын салдырып, ті­сін бүтіндеп алдым-ау деп отырған адамның аяқ ас­ты­нан азапқа қалатыны бар: ауыз қуысында ұсақ жара пайда болады, қызарып, қышып, мазаны ала­ды, бір түрлі дәм сезіледі. Мұндайдың алдын алу жолы: тіс салдырмас бұрын дәрігермен кеңесіп, алтынға аллергияңыз бар ма, жоқ па – соны анықтау. Алтын жақпайтын қыз-келіншектерге дә­рі­герлер күміс не платина бұйымдарға көшу жө­нінде кеңес береді. Ал жалпы, алтын аларда 750-сынамадан (75 пайыз алтын) төмен емес бұйым таңдағаны жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста