Әлемдік туристік ұйымға еліміз қашан кірді?
Дүниежүзілік туристік ұйым қандай мақсаттарды көздейді? Құрылымы қандай? Еліміз бұл ұйымға қашан енді?
Еркежан, Алматы облысы
Дүниежүзілік туристік ұйым (World Tourism Organization) — халықаралық ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. 1974 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы – Бас Ассамблея. Ұйымның штаб-пәтері мен секретариатының тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания).
Құрылымы: Бас Ассамблея; Атқарушы кеңес; Жергілікті комиссиялар; Комитеттер; Хатшылығы. Құрамы: Даму бағытындағы серіктестік; Туризмнің дамуындағы сапа; Туризмнің тұрақты дамуы; Нарықты зерттеу статистикасы; Туризмге арналған кадрларды дамыту; Коммуникация мен құжаттар; Туризм және технология; Іскерлік кеңес; Жергілікті үкімет.
Құрамында 156 ел кіретін бұл ұйымға Қазақстан 1993 жылы кірген.