Әлемдегі ең ықпалды саясаткер кім?
Дәл қазір әлемдік саясатта ең ықпалды тұлға кім екенін білгім келеді.
Кеңесбек, Астана қаласы
Әлемдегі ең беделді һәм ықпалды адамдардың рейтингісін жыл сайын Forbes журналы жариялап отырады. Биыл Forbes журналының аталмыш рейтингісіне 72 әлемдік саясат, экономика және қоғам қайраткерін үміткер ретінде қосыпты. Сол 72 саясаткердің ішінде ең ықпалды саясаткер ретінде РФ Президенті Владимир Путин аталды. Бұл жөнінде жуырда ғана «РИА «Новости» ақпараттық агенттігі жазған болатын. 1952 жылы 7 қазанда Ленинградта дүниеге келген В.Путиннен кейінгі орынды АҚШ басшысы Барак Обама иеленген. Ал Қытай төрағасы Си Цзиньпин үшінші орынға тұрақтаған. Мұнан кейінгі орындарды Франциск (Рим папасы), Ангела Меркель (Германия канцлері), Билл Гейтс ( Microsoft басшысы), Бен Бернанке (АҚШ ФРЖ басшысы), Абдулла ибн Абдул Азиз (Сауд Арабия королі), Марио Драги (ЕОБ басшысы) және Майкл Дьюк (Wall Mart директорлар кеңесінің төрағасы) бөлісіпті.