Әлемнің атақты мұражайларына қойылған кітаптардың құны аса қымбат деседі. Қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат кітап қай мұражайда орналасқан?
Бүгінгі таңда әлемдегі ең қымбат кітап – атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчидің «Лестер кодексі» атты кітабы. Бұл қолжазбаны Леонардо да Винчи Миланда 1506-1510 жылдар аралығында жазған екен. Көркем сурет өнерінің белгілі өкілі Леонардо қолжазбаларын өте қымбат қағаздың қосарланған 18 бетіне жазған. Кодекс ғылыми сипатта және математикалық есеппен жазылған. Мұнда суретші әрі ғалым табиғат құбылыстарына түсінік берген. Мысалы, ай сәулесінің түсуі, су қозғалысы секілді құбылыстар туралы айтылған. Автордың өзі бұл қолжазбасын «Су, жер және аспан құбылыстары туралы трактат» деп атаған. Трактаттың ең негізгі ерекшелігі, Леонардо оны тек айнаның көмегімен жазылатын харіппен жазған екен. Кітаптың қазіргі атауы қолжазбаны 1717 жылы сатып алған ағылшын отбасының тегімен «Лестер кодексі» деп аталған. Қазіргі таңда кітаптың иесі – атақты миллионер Билл Гейтс. Ол аталған кітапты 1994 жылы Christie’s аукционында Арманда Хаммер атты миллионердің мұрагерлерінен 31 млн долларға сатып алған. Гейтс жыл сайын «Лестер кодексін» әлемнің ең атақты мұражайларындағы көрмелерге қойып тұрады.