Лаңкестік қауіп-қатер тұрғысынан әлемдегі ең қауіпті ел қайсы? Қай елдерде өмір сүру қауіпті?
Сайлау АРШАБАЕВ, Тараз
Maplecroft консалтингтік компаниясының сарапшылары дайындаған рейтинг бойынша лаңкестік қаупі жөнінен «Әл-Қаидамен» байланысты радикалды исламдық топтар жайлаған Африкадағы Сомали әлемдегі ең қауіпті елдердің тізімінің ұшар басында тұр. Бұдан өзге Пәкістан, Ирак, Ауғанстан, жас мемлекет – Оңтүстік Судан лаңкестік қаупі зор қауіпті елдер болып саналды. Сонымен қатар Йемен, Иран, Уганда, Ливия, Мысыр және Нигерияда лаңкестік қатер барған сайын артып барады. Араб елдерінің келеңсіз рейтингіне «араб көктемі» әсер етсе, Уганда мен Нигерияда сепаратистік бөлінушіліктің белең алуы себеп болды. Конго, Орталық Африка Республикасы, Колумбия, Алжир, Тайланд, Филиппин, Бурунди, Үндістан, Израильде де жағдай мәз емес. Көрші Ресей бұл тізімнің 12-сатысында тұр. АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия жайма-шуақ ел ретінде танылды. Әлемдегі 198 елді қамтыған рейтингте лаңкестік шабуылдардың жиілігі мен деңгейі, оның құрбандарының саны есепке алынды. Maplecroft есебі бойынша, 2010 жылы лаңкестер әрекетінен 13 мың 492 адам құрбан болған.
Әлемдегі ең қауіпті ел – Сомали
Последние статьи автора