Абайдың қазақ жерінің әсем табиғатын паш ететін «Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда» деген өлең жолдары еліміздің қай өңіріне арналған?
Назым Ідірісова, Алматы қаласы
1995 жылы жарық көрген «Абай» энциклопедиясының мәліметінше, ұлы ақынның 1886 жылы жазылған «Жаздыгүн шілде болғанда...» немесе «Жаз» өлеңі Ботақан ошағы, Бақанас, Байқоңыр өзендерінің бойындағы қазақ жайлауларын суреттейді. Жаңа қонысқа, жазғы мекенге көшіп келіп, қым-қуыт тірлігіне жан бітіріп жатқан қазақ ауылының көрінісін, бар қимыл-әрекетті ақын өлең тілінің бар кереметін пайдалана отырып, айшықты бейнелейді. Бұл шығарма қазақ поэзиясындағы жазғы табиғат суретінің ең биік үлгісі болып қалды. Абайтанушылар өлеңнен Шыңғыс тауының солтүстігінен шығысқа қарай ағып жатқан Ботақан ошағы өзені мен оның бойындағы жайлауды таниды. «Абай жолында» бұл жайлауға Құнанбай ауылының көбірек орнығып отыратыны және мұнда Абай мен Ділдәнің үйленгені айтылады.
Әйгілі өлеңдегі күркіреп жатқан қай өзен?
Последние статьи автора