Әйелдің есте сақтау қабілеті жоғары
Білгім келгені: әйел мен еркектің қайсысының есте сақтау қабілеті күшті?
Еркін МҰСА, Өскемен қаласы
Британдық ғалымдар әйелдердің еркектерге қарағанда есте сақтау қабілетінің күшті екенін дәлелдеген. The Daily Mail-дің хабарлауынша, әйелдер үйленген күндерін, басқа да айтулы күндерді ешқашан ұмытпайды. Қашан ұрысып, қашан ренжіскендеріне дейін күйеуінің есіне салып тұрғанға жақсы.
Зерттеушілер әйел миының ерлердің миына қарағанда ақпараттарды кез келген жаста қалпына келтіре алатын ерекшелігі бар екеніне дәлел тапқан. Кэмбридж университетінің ғалымдары 49-90 жас аралығындағы 4500 британдыққа тәжірибе жасап, әйелдердің есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін анықтаған. Мектеп жасындағы оқушылардан да кішкентай қыздар қатарлас ұлдарға қарағанда, сабақты тез қабылдағыш әрі ұмытпайтын қабілеті басымырақ екендігі анықталған. Мұның себебі әлі табылған жоқ. Гормондық құрылымы не мидың қызметіне байланысты деген болжам бар.
CANTAB Paired Associates Learning компьютерлік тест барысы көрсеткендей, зерттеу алдында мониторда бірінен кейін бірі алты өріс шыққан, оның біреуі түрлі-түсті, қалғаны бос болған. Бұдан кейін зерттелушілерге алты бос өріс көрсеткен, мұның ішінен сынақ тапсырушылар алдында түрлі-түсті болған өрісті табуы керек болған. Бұдан кейін тест түрлі өрістің көбеюімен қиындай берген.