Әйелдерге жай ғана "жаман жігіттер" емес, психопат мінезді ер адамдар ұнайды.
Зерттеуге 108 әйел қатысқан, оның нәтижесі нәзік жандыларға психопатиялық ауытқушылықтары бар жігіттер ұнайтынын көрсетті, деп жазады ktk.kz.
Әйелдерге жай ғана "жаман жігіттер" емес, психопат мінезді ер адамдар ұнайды. Арнайы зерттеу жүргізген Канададағы Брок университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген. Зерттеу кезінде 108 әйелге әртүрлі ер адамдар түсірілген қысқа видеороликтер ұсынылған. Содан кейін мамандар нәзік жандылардан "осы жігіттердің қайсысымен кездесуге барар едіңіздер?" деп сұрайды.
Ал ер адамдар психопатиялық ауытқушылықтар, интеллект деңгейі, әйелдерге көзқарасы және әлеуметтенуге қабілеті бойынша тест тапсырады. Сонымен, зерттеу қорытындысы бойынша көп әйелге ұнаған жігіттердің психопатиялық ауытқушылықтар бойынша тапсырған сынақтан жоғары ұпай жинағаны белгілі болды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай ер адамдар сабырлы, өз-өзіне сенімді болады және керек уақытта керек сөз айта біледі.
"Психопатиялық ерлердің әйелдерді өзіне тарта алатын қасиеті бар. Олар өз-өзіне өте сенімді, әйелдің назарын өзіне аудару үшін не істеу қажеттігін нақты біледі. Мұндай ер адамдардың түпкі мақсаты – көңіл көтеріп, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру. Осындай психопаттан зардап шекпеу үшін адамдармен жақынырақ танысуға кеңес береміз", - деп мәлім етті зерттеушілер.
Мамандардың айтуынша, психикалық ауытқулары бар ер адамдар түрмеде күзетші әйелдердің басын айналдырып алады екен, бірақ мұндай сотталушылар әдетте ең қатыгез болып келеді.