«Адай» күйінің авторы кім?

«Адай» күйінің авторы кім?

Бүгінде Маңғыстау өңірінің гимніне айналып үлгерген «Адай» күйін кейбіреулер адайдың бір қызы шығарыпты дегенді айтып жүр, сол рас па? Жалпы, бұл күй туралы қандай да бір болжамдар бар ма?
Еркін Ерден,
Алматы
Бірінші болжам. «Адай» күйінің қалай шық­қан­дығы туралы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» деген кітабында Махамбет-Исатай көтерілісі кезінде қазақ­тар­дың Гекке отрядына қарсы күресте табандылық танытқан жасақшылар арасындағы адай руынан шыққан азаматтарға арнап Құрман­ғазының өзі шығарғаны туралы жазылса, ал екінші нұсқада Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір адайдың үйіне түсетіні айтылып жүр. Онда Құрағым үйдің керегесінде ілулі тұрған домбыраның үкісі оның иесінің не қыз бала, не сал-серінің бірі екендігін меңзегендей еді. Құрекең қолына домбыраны алып, бір-екі қағып көріп, әдейі теріс бұрап, қайтадан орнына іліп қояды. Біраз уақыттан соң үйге кемпір мен шал, сондай-ақ олардың 18 жастағы қызы кіреді. Қыз Ақмаңдай екен, «мына домбыраға кім тиген» деп өз бұрауына түсіріп, бір күйді тарта жөнелген екен. Сондағы тартылған күй дәл осы «Адай» күйі болуы мүмкін деген де болжам бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста