Абай мұражайы әуелде қайда ашылған?
Абай мұражайының Семей мен Жидебайда екенін білемін. Мұражай әуелде қайда ашылған?
Серік АМАНДЫҚҰЛЫ, Кереку
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы ақынның 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, 1940 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар кеңесiнің 1 сәуiрдегі №347 қаулысы негізінде ашылды. 1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай ақын мұражайы Абайдың «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы болып қайта құрылды. Мұражайдың негізін Абайдың 1885 жылы өлкетану мұражайына тапсырған заттары құрайды. Абай мұражайы ашылуына байланысты заттардың бірқатары ақын мұражайына тапсырылды. Мұражай алғашқы жылдары Бекбай Байысовтың (Жамақаев көшесі, 83-үй), Әнияр Молдабаевтың үйлерінде (Бөгенбай батыр көшесі, 132-үй) орналасқан. Бұл үйлерге ақын 1875-1904 жылдары Семей қаласына келгенде түсіп жүрген. 1967 жылы мұражай көпес Роман Ершовтың үйіне (Ленин көшесі, 12-үй) көшірілген.