Әділет министрлігінің азаматтық хал-актілерін тіркеу басқармасы 2019-2020 жылдары Қазақстанда нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер тізімін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Ведомствоның Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметіне сәйкес, екінші жыл қатарынан елімізде ұлдар арасында Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері көш бастап тұр.
Мысалы, өткен жылы дүниеге келген 4268 сәбиге Әлихан, 3270 нәрестеге Айсұлтан, 2528 балаға Нұрислам есімі қойылған.
2020 жылы да аталған үш есім дәл осындай реттілікпен жиі қойылғаны белгілі болды.
Нақты айтқанда, Әлихан есімділердің саны – 1204-ке, Айсұлтандар – 841-ге, Нұрисламдар 765-ке көбейді.
Ал қыз балалар арасында өткен 2019 жылы Райана (5601), Медина (5320), Айзере (4510) есімдері қойылса, осы жылы Медина (1289), Асылым (1183), Раяна (1172) есімдері жиі қойылған.