"Ол енді басты адам": Роза Рымбаева немересімен түскен суретті ұлының портретінің орнына іліп қойды

"Ол енді басты адам": Роза Рымбаева немересімен түскен суретті ұлының портретінің орнына іліп қойды

Әнші Әли Оқапов желіде анасының қызықты видеосын бөлісіп, көпшілікті сүйсінтті. Видеодан жақында әже атанған Роза Рымбаеваның немересімен түскен суретін үйінің төріне іліп жатқанын байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Аталмыш видеоны Әли Оқапов Instagram желісінде көпшілікке бөлісті. Видеодан Роза Қуанышқызының төрде ілулі тұрған ұлы Әлимен түскен суретті алып, орнына немересі Зейінмен түскен портретті ілдіріп жатқанын байқауға болады. "Ол енді басты адам", - дейді халық әртісі Роза Рымбаева. Видеоны түсірген Әли Оқапов енді немереге қарсы тұру мүмкін еместігін жазып қойды. "Немереге қарсы тұру мүмкін емес. Ең болмаса лақтырмаңдаршы, портретті өзім алып кетемін", - деп жазды Оқапов. Ал желі қолданушылары немеренің тәтті болатынын айтып, Роза Рымбаеваның қуанышына ортақтасты. "Немере тәтті болады", "Балапанның бауы берік болсын", "Осы отбасы қатты ұнайды", "Осылай немересін мәпелеп жүретін әжелер аман болсын", "Көптен күткен немересі ғой", "Немеренің қызығын көруді жазсын", - деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева жақында немересін бесікке салып, дүркіретіп той жасаған болатын. Ал Әли Оқапов осыдан кейін әлеуметтік желіге жұбайы Ақерке Бүркітбаймен және ұлы Зейінмен түскен суретін жариялады. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста