Мен соңғы уақытта қазақтардың “бел құда”, “бесік құда” дегенін жөн көріп келем
Кеше сторизге #ажыраспа посттарын шығарып едім, директ тағы да жарылды біреуін күйеуі үйден күн сайын қуып шығады, екіншісінің күйеуі тоқал тауып алып, ол одан балалы болыпты, үшіншісі бар дүние-мүлкін енесінің атына жазып беріпті.
Мен соңғы уақытта қазақтардың “бел құда”, “бесік құда” дегенін жөн көріп келем Ертең қыздарым таңдаған жігітті “қыз - маркер” деп тәрбиелемегеніне кім кепіл? Ұлымның таңдаған жары ақ пен қараны ажырата алатындай тәрбиеленгеніне кім кепіл? әрине, өмірде адам бәрібір бір дебилдармен қалай да болса кезігеді, бірақ ең болмағанда сол дебил адамның таңдауы болмасын дейсің ғой.
Балалармыз бір жастағы құрбыларым бар. Сөзіміз де, көңіліміз де, бала тәрбиесіне келген кездегі ойымыз да жарасады. Олар ұлдарын, қыздарын қалай тәрбиелеп жүргенін көргенде, ертең балаларыма осындай жар жолықса жүрегім тыныш болар еді деп ойлайсың баланың ата-анасын білу өте маңызды. Әке-шешесінен бала қатты озбаз (сирек жағдайда әрине не озады, не қалып қояды). Тегіне қара деп бекер айтпаған ғой қазақ.
Бірақ, біздің әке-шеше ретіндегі рөліміз ӨТЕ ҚЫСҚА❗️Әрі кетсе 10-12 жыл. Оның 4-5 жылы балаға қасық ұстау, тамақ жеу, аяққа тұруды үйретумен кетеді. Қалған 6-7 жылда ЕҢ НЕГІЗГІ, ЕҢ ФУНДАМЕНТАЛДЫ нәрселерді құйып үлгеру керек. Ақ пен қараны ажыратуды, жақсы мен жаманды білу, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру. Себебі одан кейін оның тәрбиесімен ҚОРШАҒАН ОРТАСЫ айналысады: мультиктері, мектебі, достары, т.б. Ал ол достары баланы ішіп-шегуді үйретпейтініне кім кепіл? Жасөспірімдер еліктегіш. Тек бұзылады. Алайда, біз, әке-шеше ретінде ондай достардан қорғай алмаймыз, біз СОНДАЙ ДОСТАРДЫ ТАҢ-ДА-МАУ-ДЫ ғана үйретіп ҮЛГЕРУІМІЗ керек. Өте қысқа уақыт ішінде, тағы қайталап өтемін.
Қысқасы, балаларымның болашақ жарын уайымдап жүрмін Если что ең үлкенім 13-ке енді толды. Ал сіздер карантинде не ойлап кеттіңіз?
Айна Досқызы