Индира Тұрсынбай:"Рақмет саған, карантин!"
Артымдағы гардеробта небір әдемі киімдер бар екен. Күнделікті іліп алып жүре беретін джинсы мен футболкадан басқа киімдер сол жерде ілініп тұратын.
Балконымыз кең әрі жайлы екен. Үш жылдан бері балконды қыста холодильник, жазда кладовка ретінде пайдаланып келгем. Шашым қалың екен. Соңғы 5-6 жыл үздіксіз кератинмен түзулетіп, жұқартып шашымның табиғи құрылымын да ұмытып қалыппын.
Үлкен ұлдың ағылшынша оқып жүргенін бұрын аңғармаппын. Мектебі қазақ мектебі ғой. Биыл халықаралық бағдарлама енгізілген-тін. Қашан қарасам онлайн сабақта ағылшынша сөйлеп отырады." Сендерге ағылшын тілінен басқа сабақ болмай ма? "дедім бір күні күңкілдеп. "Мама, бізде қазақ тілі мен Қазақстан тарихынан, орыс тілінен басқа сабақтың бәрі ағылшынша жүреді" дейді. Әкесі шошып жүр қазақша ұмытып қалмай ма деп)))) Мектептегі жиналыста бұл туралы айтылған екен. Бірақ жиналыста басқа мамашалармен әңгіме соғып отырып өткізіп алсам керек
Кіші ұл өте сауатты жазады екен, тіпті көп журналист ажырата алмайтын жалғау мен шылауды айыра алады. Орысша мен сияқты шала-пұла сөйлегенімен сауатты жазатын көрінеді.
Карантин бізді басымыздағы баспанамен, қасымыздағы балаларымызбен, тіпті өзімізбен жақын таныстырды. Рақмет саған, карантин!
Инстаграм парақшасынан