Гүлзира Айдарбекова: Мені сынағандарға ерегесіп, әдейі осылай істедім

Гүлзира Айдарбекова: Мені сынағандарға ерегесіп, әдейі осылай істедім

Соңғы кездері әншілікке бет бұрып, тойларда жиі бой көрсетіп жүрген Гүлзира Айдарбекованың дауысын жұрт жақтырмайды. Бірақ атышулы продюсер халықтың сөзін елеп жатқан жоқ. Тіпті ол өзін сынға алған көпшіліктің аузын жабу үшін әдейі ән жаздырғанын ашық айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қайрат Нұртаспен жарыса ән шырқап жүрген анасына желідегі жұрт неше түрлі жағымсыз пікір жазады екен. Көпшілік Айдарбековаға әлдеқашан "Мақтаншақ" деген лақап ат қойып қойған. Мұны естіген Гүлзира елге ерегесіп "Мақтанамын" деп аталатын әнді әдейі жазып, оны ұлымен бірге орындап шыққанын жасырмайды.

 

"Бұрындары мен әнші емеспін, балам жетіп жатыр, бір үйге бір әнші жетеді. Мен — продюсермін, продюсер деген — хит завод, әнші — продукциясы. Түсінген адамға әншіден менің абыройым жоғарырақ" деп оңай жолдарымен түсіндіретінмін. Сөйтсем, Алланың жазғаны болады екен. Сахнада ұлымның концертінде ана мен бала әнін "жастарға өнеге болсын деп айту керек" деген ұсыныспен ән жазылды. Қайраттың концертінде айтуын айттым-ау. Үлкен сахнада аяқ-қолым дірілдеп, әннің сөздері жүрегімді шымырлатып өзімді ұстай алмай, кеудемді өксікке толтыра әрең айтып шықтым да, сахна сыртына барып әбден жылап алдым. Әннің сөздері бүкіл өмірімді қиындықтары мен уайымдарымды, армандарымның орындалғанын көз алдыма бір-ақ алып келді. Ол "Мақтанамын" деген ән болатын. "Мақтаншақ" дегендерге нүктесін қояйық деп әнімізбен жеткіздік", — дейді Гүлзира Айдарбекова.

 

 

Айдарбековпен бірге үндінің атақты "Зуби-зуби" әнін қазақшаға аударып орындаған.

 

"Сонымен тойларға сұраныстар түсе бастады. Арасында "қызымызды сіз ұзатасыз, әулетте сен тұрғанда басқа адам іздемей-ақ қояйық, қызымызға Алла сенің жолыңды берсін" деп ағайындар шақыра бастады. Артынша шақыртулар көбейе бастады. Мінекей, Алланың жазғаны деген осы шығар. Алла шебер деген, біздің дегеніміз бола бермейді. Бәрін ретімен келтіре береді екен. Жалған парақшамен мұқатып жазатындар көп, бірақ сұраныс болмаса қоя салар ма едім, керісінше шақыртулар көп. Елдің де көңілін қалдырғым келмей, жолдасыммен жұбым жазылмай, қол ұстасып осылай шапқылап жүргенім сол енді, не десеңіздер де", — деді Қайрат Нұртастың анасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста