Бес жасар қызын орамалмен тұмшалап, құран оқытқызған Қарақат елден сөз естіді

Бес жасар қызын орамалмен тұмшалап, құран оқытқызған Қарақат елден сөз естіді

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның Аяла есімді қызы әлеуметтік желіде өте белсенді. Алайда бес жастан асқан қыздың орамал тағып, фатиха сүресін оқыған сәті көпшіліктің сынына ұшыраған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ғаламторда қызу талқыланған видеоны әнші Қарақат Әбілдина өзінің жеке парақшасына жүктеген. Аталған бейнежазбаға зер салсақ, анасы қаршадай қызды ақ орамалмен тұмашалап, құран сүрелерін оқытқызып қойған.
Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді: "Қайыры ең көп болған сүре — Фатиха, барлық дертке дауа",
— деп жазды Қарақат Әбілдина. 

Бесіктен белі шықпаған қызына құран сүрелерін оқытқызып, оны видеоға түсіріп, кейін желіге жариялаған Қарақаттың бұл әрекетін жұрт жақтырта қоймаған сияқты. Оқырмандарың басым бөлігі Қыдырәлі Болмановтың әйелі мен қызын сынап, түрлі пікір жазыпты.
"Сол сүре, дұғаны түсініп отырған ол жоқ. Жәй отырған қуыршақ. Шешесінің істеп жүргені. Қаралым, лайк, оқырман жинау, танымалдылық. Басқа не болуы мүмкін?", "70 жыл орыстың шошқасын жеп келдік, енді араб болуымыз қалды", "Артықтау кеткен сияқты"
— деп жазы желідегі жұрт.
Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Қыдырәлі мен Қарақаттың үйлену тойындағы естеліктері туралы материал жариялаған еді. Сондай-ақ дәл осы Болмановтардың болашақ келіні жайлы жазса, жуырда ол қыздың басқа жігітпен көзге түскені белгілі болды.

Экспресс К.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста