Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін

Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін

Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде қазір +7 коды бар. АҚШ-қа барған сапарымда ITU басшысы Дорин Богдан Мартинамен кездестім. Біз осы мәселені талқыладық. +997-ге өту оңай. Бұл нөмір бізге арнап резервке қойылған. Бірақ мен ITU-ға +7 орнына +77 кодын қалдыруды ұсындым. Алайда ITU бір күнде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және осындай сұраныстар бойынша отырыстар, талқылаулар өткізуі керек. Олар бізге ауысу туралы ұсынысты талқылаймыз деп уәде берді. Қазақстанның басқа елдермен бірге қолданатын +7 емес, +77 коды болады деп үміттенеміз», - деп жауап берді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілер сұрағына.

Бұған дейін Цифрлық даму министрі Қазақстандағы интернетке көңілі толатынын, қолайлы бағаға қолайлы интернет бар екенін айтқан еді.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста