Кен байыту фабрикасы іске қосылады

Кен байыту фабрикасы іске қосылады

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанның алтын өндіру саласындағы ірі жобаларының бірі - Жарма ауданында игеріліп жатқан «Бақыршық» пен «Большевик» кен орындары. Атап өту керек, мұндағы алтын қоры 280 тоннаны құрайды. Ал әр тоннадағы алтынның үлесі 7,7 грамм. 
Өңірде кен орындарының жұмысы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асуда. Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапары барысында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС ат басын бұрып, кешенде жүріп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарымен танысты. Жаңа атауын алған «Қызыл» жобасы аталмыш аймақта ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Келер жылы инвестор – ресейлік «Полиметалл» компаниясы алғашқы кенді игеріп, жаңа байыту фабрикасын іске қоспақ. Жоспарға сай, мұнда 2 миллионға жуық кенді флотациялық байыту әдісі бойынша өңдейді. Ал 2019 жылы толық іске қосылып, қуаты артқан соң, 10 тоннадан аса алтын концентратын шығарады.
Атап өту керек, бақыршықтың алтыны морфологиялық құрамына қарай қаншалықты ерекше болса, соншалықты күрделі. Сондықтан, ресейлік инвесторлар ұсынған технология бұрынғысынан тиімді.
«Биылғы инвестициялық капитал 51 млрд теңгені құрайды, былтыр 29 млрд. болған. Компания қолданып отырған жаңа технологияның арқасында келер жылдың бірінші жартысында нысан іске қосылып, жұмысын бастайды деген сенім зор. Айта кетерлігі, компанияның әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Мәселен, Өскемендегі бірқатар аурухананың, атап айтқанда, терапиялық кешеннің құрылысы, «Нұрлы» жол саябағы сияқты ауыз толтырып айтарлық жұмыстарға етене атсалысып жатыр», – деді Даниал Ахметов.
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру мақсатында жалпы саны 1 млрд. 74 млн.теңге инвестиция құйды. Соның арқасында, Әуезов кентіндегі 20 жыл бойы бос тұрған балабақша ғимараты, сондай-ақ, дәрігерлік амбулатория мен спорт залы күрделі жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді. Алдағы таңда ауылдағы орта мектеп те жөндеуден өтеді. Ол үшін ШҚО әкімі жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлінетінін жеткізді.

Алаш айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста