Экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш – инновация

Экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш – инновация

Инновациялық үрдіс өзіне тән ерекшеліктерге байланысты ғылымды, техниканы, өндірісті, кәсіпкерлікті, қаржы секторын, маркетинг және менеджментті біріктіреді. Инновациялық процестің барысында сапалық қатынасындағы әртүрлі міндеттер шешіледі, сондай-ақ айтарлықтай дифференцияланған экономикалық нәтижелерге қол жеткізілуі мүмкін.

Қазақстанның экономиканы нарықтық негізде ұйымдастыруға өтуіне байланысты кәсіпорындардың қызмет жағдайлары түбегейлі өзгеріске ұшырады. Нарықтық жүйенің толық құқылы субъектісі болу үшін, кәсіпорын қаржыландыру көздерін іздестіруді, шағаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын тиімді технологияларды таңдап алуды, өткізу нарығын талдауды, жаңа тауар жеткізушілермен байланыс орнатуды және басқа да көптеген, яғни ресурстарды барынша тиімді пайдалану мақсатында «жаңа комбинацияларды» өз бетінше жүзеге асыруы тиіс. Отандық инновациялық қызметті жүргізудің жеткілікті тәжірибесі жоқ. Сол себепті соңғы уақыттарда инновациялық үрдістерді микро және макро деңгейлерде реттеумен, инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістерін пайдаланудың тиімділігімен байланысты мәселелер ерекше маңызға ие болып отыр. Бірқатар факторларға байланысты күрделі саяси, экономикалық жағдайларда жүргізіліп отырған тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Қазақстан үшін ағымдағы кезеңдегі өзекті мәселе болып табылады. Республика экономикасында жағымды тенденциялар пайда болып, шаруашылық байланыстардың үзілуінен, төлемсіздік дағдарысынан, бартерлік тауарайырбастаудың, толлинг операцияларының басымдығынан, отандық өнімдерге деген төлем қабілетті сұраныстың төмендеуінен болған қиындықтар біртіндеп еңсеріліп келеді. Мақсатты бағытталған әрекеттер және тиісті экономикалық жағдайларды жасау, өз кезегінде, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып табылатын, ғылыми және жоғары технологиялық өнімдерді шығаратын салалардың, республикада дамуына жағдай туғыза алады.

ХХ-ғасырдың орта шенінен бастап бірқатар ғалым экономистердің зерттеу нәтижелері негізінде жаңа инновациялық даму теориясы қалыптаса бастады. Аталған теория немесе инновациялық даму теориясы мемлекеттік және корпаративтік басқару, сонымен қатар қоғамдық өмірдің басқа да салаларында аса маңыздылыққа ие болды. Ұлттық экономиканы дамыту стратегиясының түрлі тәжірбиелері бізге мәлім. Қазақстанда негізгі күш табиғи қазба байлықтарын интенсивті игеруге негізделген. Мұндай бағыттың Қазақстан үшін келешекте тек қана пайдалы қазбалардан, яғни шикізаттардан ғана пайда табу қауіпті. Себебі, ертелі-кеш табиғи ресурстар сарқылады. Қазіргі жағдайда экономикасы ғылыми-техникалық прогрестен тұсетін пайдаға негізделген немесе бағытталған елдердің мүмкіндіктері мен болашағы зор. Сондықтан-да, шикізатты дамыту стратегиясы біртіндеп ұлттық экономиканың инновациялық типіне өту стратегиясымен толықтырылуы қажеттілік. Ол үшін Қазақстанда мүмкіндіктер жеткілікті дәрежеде. Атап айтқанда: ірі өндірістік және инновациялық әлеует; жоғары білімді тұрғындар қабаты; сыртқы ақпараттар мен капитал көздеріне қол жеткіліктілігі.

Инновациялар ғылыммен, конструкторлық-технологиялық базалармен, нақты сектордағы мекемелермен және т.б. институттар мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясатпен өзара қарым-қатынаста технологиялық өрлеудің негізіне айналады. Бұл ғылыми орталықтардың, венчурлық фирмалардың, өндірістердің әлеуетіне де, сонымен бірге Қазақстанның инновациялық жүйесі саясатын құруды жүзеге асыру механизміне де байланысты. Инновация кез келген қоғамның мәдени процесс көрсеткіші статусына ие болып отыр. Инновациялық әлеуеттің өлшемі, қоғамның өмір сүру мүмкіндіктері оның әлеуметтік кеңістікте адамның шығармашылық қызметі, өнімінің тиісті бағасы және осы қызметтің нәтижелерін қабылдау болып табылады. Мұндай жағдайда инновациялық ақиқат пен әлеуметтік жағдайлар мен механизмдерді, қоғамның инновациялық дамуы мен адамды қалыптастыруды реттеуді әлеуметтанулық зерттеу айрықша маңыздылыққа ие болып отыр. Әлеуметтік прогресті талдаудың базалық құрамы болып инновациялық жүйелер, инновациялық процестер, инновациялық қатынастар, сонымен қатар қоғамдық, топтық және жеке инновациялық сана мен қызмет саналады. Инновацияға қарай бетбұрыс – республикамыздың 2020 жылға дейінгі кезеңдегі даму стратегиясының орталық элементі. Мұндай негіз қалаушы принципті Елбасы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген болатын. Нақты осы инновациялық индустрияландыру мен инновациялық адам капиталын дамыту еліміздің болашақта жетістіктерге жетуді қамтамасыз ететін шешуші факторға айналуы керек. Президент жаңа онжылдықта инновацияларды жылжытуда нақты міндеттерді қойды. Ол өз кезегінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оны жаңа әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне жеткізеді.

Экономиканы жетілдіру және жаңғыртудың шетелдік экономикалық тәжірибесі ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа ету кезінде Қазақстан үшін экономиканы жаңаша арнаға салудың өзіндік моделі болуға тиіс пе? Шетелдік тәжірибелерге сүйену үшін оны толығымен қарастырып, тиімді жағын және басқа да факторларды ескере отырып мемлекетке қай модель келе алатынын алдын ала ескеру керек. Қазіргі заманғы экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдаяттық емес, құрылымдық сипатқа ие. Француздық мамандар есебі бойынша, егер ғылым мен білімді қаржыландыру қысқа мерзімді экономиканың тұрақтануынан кейінгі мемлекеттік басымдығының екінші жоспарына етсе, онда Франция үшін қолайсыз жағдайлардың орын алуының дамуы айтарлықтай ұлғаяды.

Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел ретiнде танылды. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдайдың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.

Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Экономиканың мұндай тиiмсiз дамуын қамтамасыз ететiн дамудың шикiзаттық бағытынан арылудың бiрден-бiр жолы елiмiздiң индустриялы-инновация дамуға бет алуы болып табылады. Ол үшiн елiмiз жүйелi түрде инновациялық саясаттарды жүзеге асырып, оның негiзгi бағыттарын анықтауы керек.

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi. Мақсатты бағытталған әрекеттер және тиісті экономикалық жағдайларды жасау, өз кезегінде, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып табылатын, ғылыми және жоғары технологиялық өнімдерді шығаратын салалардың, республикада дамуына жағдай туғыза алады.

Қорытындылай келе, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесiдей шараларды атқаруымыз керек:

елдегi инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту;
мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;
индустриялы-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау;
отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн әлемдiк стандарттар мен сертификаттарға көшу;
инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнестi ынталандыру.
Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялы-инновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни, инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.

А.С. Құралова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста