Шайбалы хоккейден келесі жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының қай топта ойнайтындығы мәлім болды, деп жазады "Алаш айнасы".
Кеше түнде Чехияда әлем чемпионатының жоғарғы дивизиондағы додасы аяқталды. Финалда Канада хоккейшілері Ресей құрамасын 6:1 есебімен тас-талқан қылды.
Осы матчтан кейін биылғы әлем чемпионатының қорытындысы шығарылып, келесі жылғы әлем чемпионатының өткізілу тәртібі жарияланды. Нақтырақ айтқанда, келесі жылы әлем чемпионатының жоғарғы дивизионда бақ сынайтын Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыластары анықталды.
Сонымен, 2016 жылғы әлем чемпионатының жоғарғы дивизиондағы додасы Ресейдің екі қаласында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы – Мәскеуде додаға түсетін "А" тобында:
"А" тобы (Санкт-Петербург):
Канада, Финляндия, АҚШ, Словакия, Беларусь, Франция, Германия, Венгрия.
"В" тобы (Мәскеу):
Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия, Дания, Қазақстан.
Біздің ойымызша, бұл жолы Қазақстан ұлттық құрамасы "жеңілдеу" топқа түскендей. Беларусь, Германия және Франция құрамаларына қарағанда Латвия, Норвегия, Дания хоккейшілерімен тайталасуға болатын сияқты... Десек те, әліптің артын тосайық...