Жеті түрлі шөптен жасалатын дәрі өттегі тасты түсіруге көмектеседі 

Жеті түрлі шөптен жасалатын дәрі өттегі тасты түсіруге көмектеседі 

 Өттегі тас бүгінде екі адамның бірінде кездесетін кесел. Ауыз қуысы ашып, жиі кекіру, жүректің айнуы мен тез шаршау сынды көпшілігіміз елейбермейтін бел­гілермен білінетін оны медицинада ота жасау арқылы алып тастайтынын білеміз. Ал халық емінде оны пышаққа түспей-ақ кетіруге болатын амалдар бар.

Мысалы, мына жеті түрлі шөптен жасалатын дәріні дайындап ішсеңіз, ол өттегі тастың еріп түсуіне жәрдем­деседі. Бұл дәрі былай жасалады: бұрышты жалбыз (мята перечная), екіүйлі қалақай (крапива), дәрілік түймедақ, итмұрын (шиповник) жемісі, дала қырықбуыны (хвощ полевой), өлмесшөп (бессмертник) және спорыш шөбі қажет. Осы шөптердің барлығынан 1 ас қасықтан алып, үстіне 7 стакан су құясыз. Оны баяу отта 10 минуттай қайнатыңыз. Сосын суытып қою керек. Осы қайнатпаны күніне 3-4 рет тамақтан жарты сағат бұрын жарты стаканнан ішу қажет. Емделу курсы – 3 ай. Сосын 10 күн үзіліс жасайсыз. Бұл арада медициналық тексеруден өтіп, тас көлемінің қаншалықты кішірейгенін анықтап алғаныңыз дұрыс. Сондай-ақ бұл емді жасау алдында емдеуші дәрігеріңізбен ақылдасып алғаныңыз абзал.

Ханшайым НҰРСАНАТҚЫЗЫ.

 

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста