Шынымен аққудың өті дəру болды ма?

Шынымен аққудың өті дəру болды ма?

Аққудың өті

Ол кезде шамамен 7-8 оқимын. Күзгі каникул кезі. Ауыл іргесіндегі Соркөлдің бетіндегі мұз айдында ,бүкіл бала хоккей ойнап жүрміз. Бір кезде біреуі "Аққу. Аққуды қараңдар"деп айқайлап жіберді. Жалт қарасақ, көлдің қамыспен бітер жерінде, бір аққу сəл ғана қатпаған айдынды айналып,жүзіп жүр екен. Тұра жүгірдік. Қасына барсақ, аққудың өзі емес,көгілдірі екен.Біз жақындағанда,талпынып ұмтылды да,судан шығып қамыстың ішіне кіре бастады. Бірақ,қалың қау қамысқа кіре алмай, кептеліп тұрып қалды. Əкеме еріп, талай құсқа шыққан тəжірибем бар емес па? Айдынды айналып барып,тыпырлап қашқанына қарамай ұстап алдым. Ап-ауыр екен. Қасымдағы үймелеген балаларға қарамай, үйге тартым. Ойым қыстай асырап-бағу. Үйге келген соң, жылы қой қораның бұрышын, ағаш шарбақтан қоршадым. Ішіне көгілдірді жібердім де,алдына су-жем қойдым. Бəрін бітіріп үйге кірген соң, əкеме айттым. Ол кісі күлді де, "Ұядан кеш шығып, ұшуға жарамай қалған ғой. Бірақ, қолға көне қоймас. Жем суыңды ішпей, өліп қалатын шығар"деді де қойды. Екі-үш күнге дейін қызықтап қарап жүрдік. Бірте-бірте су ішіп,жем жеп үйрене бастады. Бір күні таңертең қорадан қойларды шығарып жатсам,қораның ортасында тыпырлап шала жансар жатыр екен. Соққан шарбағым ішке қарай қисайып, құлап қалыпты. Сірə,малдар соғып құлатып,аққуымды таптап тастағанға ұқсайды. Құсты көтеріп, алып далаға шығардым. Былқ-сылқ етіп, əлсіз жатыр. Жүгіріп барып,əкемді ертіп келдім. Əкем"Бұл көлде жүргенде де,мұзға қатып қалатын еді"деп,ала шыққан шаппасымен мауыздап жіберді. "Ұшқан құс,жүгірген аң,адам ризығы үшін"деді де,шешеме тазартып,тамақ қылуға тапсырды. Қыс кезінде құс лапша ішіп отырып, бұл құстың етінің өте тығыз, бірақ ағаш сияқты дəмсіз екені есімде қалыпты. Кейін көпке дейін ойлап жүрдім. Сол құсты мауыздағаннан кейін, неге лақтырып тастамады екен деп. Сөйтсем, ашаршылықта дүниеге келіп, соғыс уақытында,балалық,жастық шағы аштық пен жалаңаштықта өткен əкем, далаға тастауға кепиетінен қорыққан екен ғой.
Арада бір-екі ай өткенде,бір туысымыздың баласы келді үйге. Шешемді оңаша шақырып алды да,күбірлеп бірнəрселер айтты. Сосын екеуі тамақ сарайға кетті. Кейін білгенім, шешесін ауруханадан қайтарып жіберіпті. Жаман аурумен ауырған екен. Енді бірер ай өмірі қалды. Үйлеріңде болсын деген екен. Жақында біреулер көңілін сұрай келгенде, "Мұның емі бір түссе, аққудың өтінен түседі. Соны іздеп көріңдер"депті. Ана дегенде жан бар ма? Əркімнен сұрап жүріп,менің үйге аққудың көгілдірін алып кеткенімді, біреулерден естіп келгені екен. Марқұм шешем пысық еді ғой. Əлгі құсты тазартып отырғанда, аққудың өтін бөлек алып/оның емдік қасиетін білген ғой/,ақ мақтаға орап жоғарыға алып қойыпты...
Шынымен аққу өті дəру болды ма? Көктем шыға туыс апамыз қалқиып, есік алдына шыққаны, мені көріп шақырып алып бетімнен сүйгені есімде қалыпты. Көрер жарығы таусылмаған шығар. Ұмытпасам сол апамыз, содан кейін,он бес-жиырма жылдай өмір сүрді...

Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста