Қатонқарағайда бұғы мүйізі «пісті»

Қатонқарағайда бұғы мүйізі «пісті»

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы «Қатонқарағай» шипажайларында бұғы мүйізінен алынған пантамен емделу басталып кетті. Осыған орай сол жаққа сапарлап қайтуға шақырып жатқандар бар.

«Қатонқарағайға төрт күндік тур, – деп жазылыпты сондай жарнамалардың бірінде. – Кез-келген көлік түрімен жеткендер Өскеменде күтіп алынады, мейрамханада орналастырылады».

Қысқасы, бұл сапарға ниет еткендер алдымен Үлбі мен Ертістің қосылған тұсына серуенге барады, Өскеменді аралайды, «Қазақстан» тауына шығады екен. Сосын Алтай қаласы арқылы Қатонқарағайдың Береліне барады, орман, тауларда серуендейді, самырсын моншасына түседі, «Берел» қорығын тамашалайды. Одан кейін Бірінші Дүниежүзілік соғыста Ресей әскеріне Австрия-Венгрия тарапынан қолға түскен тұтқындар салған әйгілі жолмен жүріп, тау үстіндегі Бұрқат көлін барып көреді. Сапар бағдарламасында ірі марал шаруашылығына барып, бұғы мүйізінен алынған шипалық дәрмектер ішу көзделген екен.

Біз жарнама авторымен хабарласып, көпшілікке қажетті бұл ақпарды толықтырмақ болған едік. Өкінішке орай, онда көрсетілген телефоннан «желіде тіркелмеген» деген жауап келді.

Дегенмен есімізге Қатонқарағай ауданында марал мүйізінен алынатын пантамен емдейтін орталықтар түсіп, олардың бірімен хабарластық.

«Жұмысымыз 25-мамырда басталған. Марал мүйізі қырқылып, қажетті емге жаратылып жатыр. Басқа орталықтарда болмаса, бізде қазір алдағы тамыз айына дейін орын жоқ, толып қалды. Бүгінде бір күнде 100-дей адам қабылдап жатырмыз. Алдағы екі айға орындар тұтастай толып қойды», – дейді бұғы өсіретін «Жанат» емдеу-сауықтыру орталығының қызметкері. Соған қарағанда, марал мүйізінен шипа көруге сұраныс артып тұрған сияқты.

Ал бұл орталықтың көрсететін қызмет түрлері мен олардың бағалары мынадай екен: Стандарт бөлмесінің жал ақысы бір адамға күніне 28 мың теңге. Жақсартылған стандарт бөлменікі – 30 мың, люкс – 35 мың, жартылай стандарт – 33 мың, Vip – 40 мың теңге. Бұл соманың ішіне жатын орын, тамақтану және емдеу ақылары кіреді. Күніне үш мәрте тамақ, екі панты ваннасы (таңдауға қарай: панто және фитобөшкелер), күн аралатып жылу ингаляциясы, мүйіз кесу процесіне күнара тікелей қатысу бар, үш мәрте пантогематоген,  Алтай шөптері мен бал қосылған шайлар беріледі.

Сондай-ақ 25-мамыр мен 5-маусым  және 15 – 30-тамыз аралығында жеңілдіктер бар. Науқан кезінде әр бөлмеге санаты бойынша ақы әрқайсысынан 3 мың теңгеден жеңілдік жасалады. Яғни 28 мыңдық стандартты бөлме ақысы 25 мың теңгеге, жақсартылған стандарт – 27 мың, люкс – 32 мың, жартылай стандарт – 30 мың, Vip – 37 мың теңгеге арзанырақ болады.

Ал жас маралдың әлі қатып үлгермеген мүйізін арнайы тәсілмен қырқу арқылы алынған қанның құрамында ағзаға қажетті заттар көп болады екен. Мысалы, онда амин қышқылдарының басым бөлігі, энзимдер, ферменттер, липидтер, жалпы, гормондық және биологиялық белсенді заттар мол. Сондықтан ол жүрек-қан тамырларына, асқазан-ішек жолдарына, буындарға шипалы, гинекологиялық және урологиялық дерттерге ем, иммунитетті, жұмысқа қабілетті, ерлердің бел қуатын арттырады. Одан түрлі ванналар, ұнтақтар, жақпалар, тұнбалар, сығындылар жасалады, емге қолданылады. Ол адамды сергітеді, жүйке жүйесіне оңды әсер етеді. Басқа да шипалық қасиеттері көп. Атеросклероздың асқынуы, қанның қоюлануы, жоғары қан қысымы сияқты аурулар кезінде, жүктілік және емізулі кезеңде, тағы да бірқатар басқа жайлар кезінде пантаны қабылдамауға кеңес беріледі.

…Жалпы алғанда марал мүйізінен жасалған дәрмектер, ванналар адам денсаулығына оңды әсер етеді. Сондықтан да мүмкіндігі барлар үш ай жазды пайдаланып, Қатонқарағай маралы мүйізінен шипа алып қалуға тырысады.

Р. ҚАЛТАЙ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста