Үлгілі отбасы – қоғам тірегі

Үлгілі отбасы – қоғам тірегі

Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән ұстанымдары исламдағы отбасы жайлы түсініктерге сәйкес келеді. Яғни,біздің ұғымымызда отбасы – адамның бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытатын ыстық ұя. Адам баласына бір отбасы беретін қамқорлық пен тәрбиені ешбір қоғамдық тәрбие алмастыра алмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда жақында «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Үлгілі отбасы – қоғам тірегі» атты семинар өткізілді. Жалпы исламда әйел мен отбасы мәселесін бөліп, жармай біртұтас қарастырылады.

Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде үнемі мемлекеттің тірегі отбасы, отбасының ұйытқысы әйелдер екенін алға тартып,гендерлік жіне отбасы саясатына басымдылық беріп келеді. Осы орайда қабылданған Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы сөзіміздің дәлелі деуге болады.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов семинардың ашылу сәтінде сөз сөйлеп, іс-шараның маңызы жайлы баяндады. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Осы мағынасы терең мақалды басшылыққа алған аталарымыз қоғамның тірегі әрбір отбасы екенін бағзыдан біздің санамызға сіңіріп келген. Шын мәнінде отбасында береке-тыныштық болмаса азаматтардың қоғамға есе қосуы мүмкін емес. Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді. Сондықтан «Ислам және отбасы» жылы аясында өткізіліп отырған семинарымыз халқымыздың отбасы құндылықтарын жаңғыртып, жас отбасыларға насихаттауға бағытталып отыр», - деді Асқар Мұқанов. Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин семинарға арнайы қатысып, оның қоғамдық маңызы айырықша екенін атап өтті. «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі ұлттық руханият екенін атап көрсеткен еді. Аталмыш семинар қоғамның ұйытқысы болған отбасы құндылықтарын насихаттап, жанұя жарасымы, біртұтас қоғам құру ісі үшін де айрықша мәнге ие. Осындай ел руханияты үшін пайдалы іс-шараны ұйымдастырып отырған ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігіне алғысымызды білдіреміз», - деді Д. Есин. Семинар аясында ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ф.ғ.к., профессор, мәдениеттанушы, абайтанушы Омар Жәлел, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы, психолог Қойшиева Лимана, ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақбөпе Қанатқызы қатарлы білікті мамандар неке, талақ мәселелерінің шариғаттағы үкімі, халқымыздың жас отбасыларға берген тәрбиесі, әйел затының отбасындағы орны мен маңызы жайлы баяндамалар оқыды. Сонымен бірге, семинар қатысушылары тарапынан қойылған отбасы мәселелеріне байланысты сұрақтарға тұшымды жауап берді.

 

Айша Нұржан
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста