Тарихи сана жаңғырып келеді

Тарихи сана жаңғырып келеді

Әрбір мемлекеттің жүріп өткен жолында оның тарихы аса маңызды. Осы орайда атап өтер жайт, тарих ғылымында «тарихи сана» деген ұғым бар. Осы тарихи сана арқылы тұтас бір ұлттың сана-сезімін, тарихи жадын қалыптастыратын тәрбие құралын анықтауға болады. Атап өтер жайт, ұлт тарихына көз салғанда тарихымызға қарап отырып, ұялатын немесе өшіруге тырысатын тарихи бет қызаратын тұсымыз жоқ екенін аңғарамыз. Бұл шын мәнінде үлкен жетістік. 

Қайта қанша теперіш көріп жатса да ұлтымыздың өзгелерге қолындағысын бөліп беріп, пана сұрап келгенге құшағын ашып, ешқандай ұлтты адамдарға бөлмей, өзінің кең пейілін аңғартқанын байқаймыз. Сол тарихи санада қалыптасқан кішіпейілділік, қазақи кеңдік, ұлттық бауырмалдық көңіл әлі де жалғасып келеді. Бүгінде бір шаңырақтың астына жүзден астам ұлтты тату тәтті ұстап отырған еліміздің әлі де сол ұстанымынан айрылмағанын аңғарамыз. Тұрақтылық пен татулықты ту еткен еліміз жылдар бойына бейбіт шаңырақ астында жүзден астам ұлттың тыныштығының күзетшісі болып келеді. Бұл еліміздің сан ғасырлық тарихи санасында қалыптасқан ұлттық ұстанымы.

Сол себепті тарихты ұлықтау, оның сан ғасырлық тағылымдарына мән беріп жете игере отырып тәлім алу аса қажет мәселе, дұрыс бағыт деуге болады. Тек сонда ғана ұлттық сана нығайып таным арта түседі. Ал ұлттық санасы нығайған халықтың рухы асқақ келеді. Өзінің ұлттық құндылықтарын толық жадына түйген адам ғана болашаққа нық басып елінің дамуына сүбелі үлесін қоспақ. Сондықтан тарихи санасы қалыптасқан елдің ұрпағы болу басты мақсат. Тарихи сана ұлттың ұлттық құндылықтарының да сақталуына өз ықпалын тигізеді. 

Мұны әсіресе Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары анық сезіндік. Шекараның ашылуы және жаңа ақпараттар легі әлемге, оның халқы мен тарихына деген көзқарастарды да өзгертті. Қазақстан тарихын КСРО-ның біртұтас тарихының бір бөлшегі ретінде емес, әлемдік тарих, Еуразия, көшпелі өркениет, түркі халықтары, жеке Тәуелсіз ел ретінде таныту қажеттілігі туындады. Және ол қолымыздан да келді. Мемлекеттік тұрғыдан бұған баса мән беріле бастады. Статистикаға көз жүгіртсек, 1995 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес, жаңа «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» қабылдады. Кейін елдегі тарихи кезең осы тұжырымдама негізінде жүзеге аса бастады. Осы тұжырымдамада тарихты оқытудың өзекті мәселелері – тарихи ой – сананың басымдылықтары, тарих ғылымының кейбір мәселелері мен тарих ілімінің перспективалары қарастырылды. Сол кездегі мемлекет басшысы Елбасымыз да «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біз ұлттық тарихи сананы  қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын. Осы бағыта көптеген жұмыстар да атқарылды. Тарихи сананы жаңғырту мақсатында атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін де беріп жатыр. Мәселен Ресейде Қазақстанмен шекаралас өңірінде өмір кешіп жатқан Алтай қазақтарының Керей елді мекеніндегі 90 жыл бойы қазақ тілінде білім беріп келген Қаракөл орта мектебі тіпті бүгінгі таңда ұлт тілі сабақтан тыс жағдайда оқытылса да, барлық тәрбие жұмыстарын тарихи сананы жаңғырту мақсатында, қазақ балаларының бойында ұлттық рухани байлықтың негізін қалыптастыру үшін түрліше тәрбиелік жұмыстар жүргізуде. Елімізде ұлттық балабақшалар пайда болып, түрлі ұлттық салт дәстүрлеріміз сол балабақшаларда үйретіле бастады. Мұндай балабақшалар мен мектептерде тіл, дәстүр, қазақ ұлтының өнері, тарихи ерлігі, әдеби мұрасымен таныстырылып қана қойылмай түрліше үйірмелер, шаралар өткізу арқылы ұлттық тәрбие берумен жүзеге асырылуда. Осындай жұмыстардың арқасында халық та қазір ұлттық киімдерге аса мән беріп, тойларын ұлттық стилде өткізіп, күнделікті өмірде киетін киімдеріне ұлттық нақыш беруге бейімделіп келеді. Ұлт мәдениетін, тарихын жетік білетін адам ғана жаhандық өзгерістер мен болашақтың жарқын жолын тез бағдарлай алады, ұлттық тұрғыдан өсе алады.

Еркенұр Қонысбай

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста