«Қазақ халқына мың алғыс» деп аталатын ерекше ескерткіш бар

«Қазақ халқына мың алғыс» деп аталатын ерекше ескерткіш бар

Алматы облысының Қаратал ауданында «Қазақ халқына мың алғыс» деп аталатын ерекше ескерткіш бар. Ол 2012 жылы Бастөбе тауының етегінде корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда өмір сүріп жатқанының 75 жылдығы қарсаңында тұрғызылған болатын. 1937 жылы күштеп жер аудару нәтижесінде Қазақстанға тұрақтаған корейлердің қазақ халқына деген құрметінің белгісі болып тарихта қалды.

Қазақстан корейлері қауымдастығының Талдықорған аймақтық филиалының төрағасы Владимир Лидің сөзіне қарағанда, 1937 жылдың күзінде Қиыр Шығыстан депортацияланған корейлердің алғашқы легі Үштөбе стансасына пойызбен жеткізілген. Ал 1999 жылы Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі Бастөбенің етегінде корейлер ең алғаш қоныстанған тарихи орынға «мұнда қазақ халқына деген алғыс ескерткіші орнатылады» деген қара және ақ гранит тастан белгі қоюды ұйғарды. Оған Қазақстан корейлері қауымдастығы бастамашы болып, Қазақстан халқы ассамблеясы, Алматы облысы мен Қаратал ауданының әкімшілігі және Корея Елшілігі қолдау жасады. Қуғын-сүргін құрбандарының 15 жылдығы мен Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастың орнығуына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келген бұл шара бірден тек Алматы облысы ғана емес күллі республикаға үлгі-өнеге болды деуге болады. Мәселен, «Қазақ халқына мың алғыс» деген атпен одан кейін арнайы монумент 2012 жылдың қазанында Орал қаласында ашылды. Ал 2016 жылы Шымкентте монумент, 2017 жылы Ақтөбеде стелла, 2018 жылы Астанада моунмент тұрғызылды.

«Елімізде 2016 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан Алғыс айту күні жылда Бастөбедегі «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіші түбінде тек аудан ғана емес, облыс деңгейінде атап өтілуде. Қаратал ауданында бұрын 43 этнос өкілдері тұратын, қазір олардың 32-сі ғана қалды. Оның 8-нің этномәдени орталықтары бар. Соның бірі корей этномәдени орталығы. Корейлер аймақтағы 48 мың тұрғынның 3,5 мыңнан астамын немесе 3,2 пайызын құрайды. Біздің аудан 2016 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Чонсон уезі мен Қаратал ауданы достық пен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Олар осындағы өз этностарына көмектесіп, мектептердегі корей тілін зерттейтін кабинеттеріне құрал-жабдықтар әкеп беріп тұрады. 2017 жылдың 22 наурызына «Наурыз мейрамын» тамашалауға Чонсон уезінен делегация келді. Сол кездесу барысында Корей халқы депортациясының 80 жылдығын атап өту келісілген болатын. Сонымен қатар Корей халқы депортациясының 80 жылдығын атап өту мақсатында Оңтүстік Корея мемлекетінің 80 адамнан жасақталған делегациясы Владивостоктан поездбен шығып 2017 жылы 1 тамызы күні Үштөбе қаласына келіп, осы жерде үлкен шара өткізілді», – дейді Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы Назкен Игенбаев. Оның айтуынша, аудандағы корей этномәдени бірлестігінің негізін қалаушылардың басында Юн Сергей Григорьевич болды. Корей этносы өкілдерінің арасында мемлекеттік және өзге басқару жүйелерінде жұмыс жасайтын адамдар аз емес. Мәселен, Ким Эдуард Афанасьевич – Бастөбе ауылдық округінің әкімі, Цой Тамара Анатольевна – аудандық мәслихат депутаты, Пак Ульяна Харитоновна – Ескелді ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы, Когай Роза Петровна – Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімдігі аппаратынң бас маманы. Ал кәсіпкерлікпен айналысып, өз бизнесін дөңгелетіп отырған «ЛАД» сауда желісінің қожайыны Ли Агафья Дюнхаковна мен аудан, облыс көлемінде зор сұранысқа ие болып жүрген күріштің түрлі сорттарын өсіретін «Опытное» ЖШС жетекшісі Ли Петр Дмитриевичті бүгінде күллі қараталдықтардың мақтанышына айналған. Сол сияқты білім саласында жұмыс жасайтын 900-дей мұғалімнің 59-ын, медицина саласында қызмет ететін 350 қызметкердің 12-сін корейлер. Бұдан бөлек ел тарихында қалған Қаратал ауданынан шыққан 30 Социалистік Еңбек Ерінің 26-сын корей диаспорасының өкілдері құрағанын да осы арада айта кеткен артық болмас. 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста