Қарлығаш Нұғманова: Мәдениет пен рухани құндылықтар Қазақстанның тәуелсіздігінің сақталуының кепілі

Қарлығаш Нұғманова: Мәдениет пен рухани құндылықтар Қазақстанның тәуелсіздігінің сақталуының кепілі

Мәдениет пен дәстүрлі рухани құндылықтар Қазақстан тәуелсіздігінің сабақтастығы мен сақталуының кепілі болып табылады. Бұл пікірді «Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжау орталығының президенті, Саяси зерттеулер қауымдастығының директоры, саяси ғылымдар докторы Қарлығаш Нұғманова айтты.

«Біз өз Отанымызды, тарихы бай, қайталанбас мұрасы бар, ұлан-ғайыр өлкеде көптеген этностар мен мәдениеттердің басын біріктірген елімізді ұлықтаймыз. Қазақстанның егемендігі әрбір адамның лайықты өмір сүруге, еркін дамуға, әрбір халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығын қамтамасыз ету деген сияқты жоғары мұраттар жолында жарияланды. Біз өткен ұрпақтардан өзіміздің дүниетанымымызға сәйкес айналамызды жаңғыртып қана қоймай, сонымен бірге халықтардың мәдениетімен өзара әрекеттесу процесінде байып, дамып, оларға өз кезегінде өзінің жоғары эстетикалық сапасын беретін төл мәдениетті мұра еттік. — деді Қ.Нұғманова.

Сарапшының пікірінше, ортақ өткен, ортақ бүгін және болашақ үшін ортақ жауапкершілік қазақ қоғамын бір тұтастыққа байланыстырады және осы таңдауды білу – басты біріктіруші қағида.

«Әрбір адамзат қауымы өзінің дәстүрлі құндылықтар жүйесін, оның ішінде патриоттық сананың пайда болуын қалыптастырады, ол үш негізге – экономикалық, әлеуметтік және рухани негізделеді. Ғасырлар бойы биік патриотизмнің арқасында Қазақстанның Алтайдан Атырауға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр жері біртұтас күйінде сақталып, бүгінде осы кеңістікте, дүние жүзінде, әлем картасында тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде үлкен орны бар. Қазақтар арасында ертеде қалыптасқан «атамекен» ұғымы «киелі бабалар жері», «ата елі» мағынасын қамтиды, яғни оның мағыналық контекстінде отаншылдық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін көрсетеді», - дейді сарапшы.

Қарлығаш Нұғманова қазақтың халық ақындары шығармашылығында да отансүйгіштік тақырыбының басты орын алатынын, өйткені ғасырлар бойы кез келген халықтың тарихи аренада аман қалуға, сақтап қалуға ұмтылуы басты міндет болғанын атап өтті. Поэтикалық сөзді қазақ қашанда қастерлеген, отансүйгіштікке, туған жеріне, халқына деген адалдықты арттыруда маңызды рөл атқарған.

«Отаншыл ақындардың ішінде жаудың жойқын шапқыншылығынан ада, халқының тыныш, бейбіт өмірін армандаған Асан Қайғыны атауға болады. Ол 1456 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрған кезде жаңа мемлекеттің идеялық дем берушісі, жаршысы болды. Асан Қайғы өз өлеңдерінде демократияны, ел қорғауды нығайтуға жалынды үндеді, билеушілерді өз басының қамын емес, халқының қамын, туған жерінің тағдырын көбірек ойлауға шақырды. Оның ойынша, Отанды сүю, патриот болу – адамгершілік. Атамекен – Отан жолындағы ерлікке шақыру – Тәтіқар, Үмбетей ақындар шығармашылығындағы басты тақырып. Олардың еңбегі хан Абылай бастаған жауынгерлер отрядының бір шайқасының қорытындысында шешуші рөл атқарып, өлеңдерімен ерлікке баулиды.

Сөйтіп, қазақ халқы өзінің рухани көсемі санап, мінбер ақындарының жолынан күш-қуат алған. Халқының намысы мен бостандығы жолында басын тіккен балуан, ақын Махамбеттің шығармашылығы осыны дәлелдей түседі. Оның әрбір өлеңі отан тағдыры туралы толғау, ел ертеңі туралы толғау, ел-жұртының хал-ахуалы туралы толғаулардан тұратын Махамбет поэзиясы туған халқының ұлттық мүддесіне адалдықтың символына айналды.

Халықтық қаһармандық эпосының қаншама ұрпақ санасында отаншылдық, Отанға деген адалдық сезімін қалыптастыруда орасан зор рөл атқарды. Сөз өнері, фольклордың поэтикалық пафосы халықтың ұлттық-азаматтық өзіндік сана-сезімімен тікелей байланысты екенін баса айту керек. Жоғарыда келтірілген мәліметтер қазақтың ұлттық сана-сезімін ғасырлар бойы жылтыратып келе жатқан ұлттық болмысынан туындайтын қазақ және қазақ патриотизмінің тамыры туралы түсінік береді», - деп атап өтті саясаттанушы.

Бүгінгі күннің шындығына тоқталған Қ.Нұғманова мәдениеттердің өзара қарқынды араласу дәуірінде мәдени бірегейлікті сақтау үшін сырттан жақсысын алу қажеттігін қосты.

«Мәдениет пен дәстүрлі рухани құндылықтар Қазақстан тәуелсіздігінің сабақтастығы мен сақталуының кепілі болып табылады. Олардың дамуы жалпы ұлттың табысты болуын және әрбір азаматтың жеке әлеуетін қамтамасыз етеді. Еліміздің халқын бір емес, бірнеше сынақтан сүрінбей өткен тарихи тамыры берік, тату көршілік пен өзара көмек біріктірген 100-ден астам ұлт өкілдері құрайды. Тәуелсіздік тұсында еліміздің дамуы, әлемдік державалармен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жолында қыруар істер атқарылғаны қуантады. Қазақстан озық халықаралық бастамаларды қолдайды және жаһандық қауіпсіздікке өз үлесін қосуда. Қазақстанның интеграциялық үдерістері ең алдымен көпвекторлы саясатқа бағытталған. Біздің еліміз өзін аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы көпжақты ынтымақтастыққа ашық, қауіпсіздік идеяларын тудыруға қабілетті бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танытты. Жаңа жаһандану әлемінде біз өзімізді қамап, мағынасы жағынан тар мақсаттар қоя алмаймыз. Тек жаһандық, аймақтық және ұлттық деңгейге сай ілгерілеу үшін неғұрлым барабар және дұрыс нұсқауларға қол жеткізуге болады», - деп түйіндеді сөзін Қ.Нұғманова.

А.Нұрай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста