Оқушылар зағип жандарға пайдалы құрылғы жасады

Оқушылар зағип жандарға пайдалы құрылғы жасады

Біз күнделікті тіршілікте пайдаланып жүрген құралдардың көпшілігі ізденімпаз, қабілет-қарымы ерекше адамдардың ойлап тапқан дүниелері. Олар жаратылысынан тыңнан түрен салып, жаңалық ашуға құмар өнертапқыш жандар. Өнертапқыштар  қолданыстағы құралдарды жетілдіріп, дамытып, мүмкіндігін арттырып отырады. Біздің елімізде де шығармашылық қабілеті дамыған, адамзатқа пайдасы тиетін құралдарды ойлап тауып, қолданысқа енгізген жандар баршылық. Қазіргі ғылым мен техника дамыған уақытта әсіресе жас жеткіншектер сол мүмкіндікті пайдаланып ерекше құрылғылар жасап жүр. Балалардың бұндай ерекше қабілетін бірден байқап, олардың бойындағы ізденісті ұштап, дамытып отырған ұстаздар еңбегін де атап өткен жөн.

Зер салып қарасаңыз әлемдегі жаңалықтардың көпшілігін балалар ойлап шығарғанын байқайсыз. Осыдан-ақ бала қиялының шексіздігін көруге болады. Бұндай мүмкіндікті жақсылап жетілдіре түссе көптеген пайдалы дүниелерді  іске асыруға болады. Әлемде адамзатты таңғалдыратын құралдарды жасап, жаңалық ашқан, осы істері арқылы күнделікті тіршілікке пайдасын тигізген балалар баршылық. Біздің Қазақстанда өнертапқыш балалар көп. Өйткені еліміздегі оқу орындарында, әсіресе жаратылыстану бағытындағы мектептерде «Робототехника және Технология» пәні оқытылады. Бұл пән балалардың бойындағы қабілетті ұштауға зор ықпалын тигізіп отырғаны анық.

Осы ретте Алматы қаласы, Алтау ауданындағы №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары ашқан жаңалықты айтып өткен жөн болар. Лицей оқушылары Нұрәлі Тоқбергенов пен Айтөре Хамзахан  көру қабілеті нашар жандарға арнап «Робот-арба» жасап шығарған. Балалардың қабілет қарымын дамытып, талабын ұштап, осындай жобаларына жетекшілік жасап жүрген ұстаздары «Робототехника және Технология» пәнінің мұғалімі Бегалы Тоқбергенұлы Ахметовтың еңбегі зор.

 

 

 

 

Нұрәлі Тоқбергенов пен Айтөре Хамзахан ұстаздары Бегалы Тоқбергенұлы Ахметовпен бірге
 

 

 

 «Робот-арба»

 

 

Олар көптеген байқауларға қатысып жеңімпаз атанып жүр. Атап айтсақ, 2019 жылы Щучье қаласында өткен «Зерде» XIV республикалық конкурсының Абсалюттік жеңімпазы атанып гран-приді жеңіп алды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласында өткен «RoboLand 2019» халықаралық жарысында II орынды иемденді. «Balapan» арнасы дайындаған «I - balapan» танымдық бағдарламасына қатысып арнайы сертификатпен марапатталды.

– Қазіргі кезде жаңа технологиялық жаңалықтарға ерекше көңіл бөлініп отырғандықтан,  өз отанымыздың жанашыры  ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін «РОБОТ АРБА» роботының  үлгісін ұсыну арқылы, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға деген проблемаларының бірден-бір шешімі ретінде  өз үлесімізді қосқымыз келеді, – дейді дарынды жеткіншектер.

– Бұл жобаны ұсынудағы мақсат, еліміздегі  және шет елдердегі мүмкіндігі шектеулі жандарға  қолайлы жағдай жасау. Арамызда тағдырдың жазуымен денсаулығынан айырылып, күні өзгелерге қарап қалған ғаріп жан қаншама! Туабітті мүгедектік қамытын кигендер де аз емес. Мүгедектер мүсіркеуге емес, қолдауға зәру. Мемлекетіміздің негізгі саясаты – сол адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл жобаның негізгі құндылығы да осы, мүмкіндігі шектеулі адамдар  өзінің қауіпсіздігін сақтай отырып, күнделікті өмір, тұрмыс – тіршілігіне қажетті шаруаларын  өзі реттей алатын жол қатынасы проблемаларын шеше алады.  «РОБОТ АРБА» қолданушының баратын орнына қарай қажетті түймені басса, жол қатынасында жасалған арнайы жолақ сызықтары (белгілі бағытқа апаратын бірнеше жолақ сызықтар) арқылы бағыт алып қозғалады (жүру мүмкіндігінде қиындықтар туындайтын және көру, есту қабілеті шектеулі кісілер үшін) және үш арнайы тілде (жүру мүмкіндігінде қиындықтар туындайтын, көру қабілеті нашар, бірақ, есту қабілеті жақсы адамдар үшін)  таныстыра отырып көздеген жеріне оңтайлы жеткізеді, – дейді жоба жетекшісі Бегалы Тоқбергенұлы.

Робот – арба  жобасының тағы бір ерекшелігі -  күн энергиясынан қуат алуға  негізделіп жасалған. Жарық терапиясын бірінші болып ағылшын ғалымдары Дж.Даун мен Р.Блунттың 1877 жылы  ултрофиолет сәулелерінің емдік қасиеттерін ашқан уақыттан басталған. Адам баласы өз тіршілігінде энергияны тұтынуға өте зәру. Адамзат тарихына көз жүгіртсек күн энергиясын барынша тиімді пайдалану жолдарын өте ерте кезден бастап қарастырып, осы жолда әртүрлі зерттеулер жүргізген. Күн энергетикасы дәуірі 1883 жылдан бастау алады. Қазіргі кезде Күн батарейасын Қазақстанда  көп салаларда қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Робот арбаны жасаушылар бұл жұмысты физика, математика, информатика және технология пәндерінде, факультатив сабақтарда, экономикалық ұйымдастырылатын іс – шаралар мен семинарлар және  ғылыми конференцияларда қосымша материал ретінде пайдалануға болатынын атап өтті.

«Біздің бұл жасаған мини-жобамыз «Робот арба»  роботы  еліміздегі зағип жандарға  көмек көрсететін бірден – бір ең қажетті көмекші – робот болатынтығына сенімдіміз. Болашақтағы мақсатымыз зағип жандарға көмек көрсететін «Робот арба» роботын қолданысқа енгізудегі шығындарды есептей келе, кең масштабта іске асыру жобасына енгізе отырып, қаланың баспроектісіне қосу туралы ұсыныс жасасақ  деген ойымыз бар», – дейді олар.

 

Мүмкіндігі шекетеулі жандарға қамқорлық аудай қажет. Тағдыр талқысына түскен жандардың тіршілігін жеңілдетуді адамзат баласы ғасырлар бойы жалғастырып, дамытумен келеді. Ол өмірдің өз қажеттілігі болғандықтан ешқашан өзектілігін жойған емес.  Мысал үшін айтар болсақ,  мүгедектер арбасын ойлап табу, оны жетілдіру үздіксіз жалғасып отырған.  Арбаны  мүгедектер үшін арнайы қолданылғаны туралы нақтырақ деректер 1595 жылы аяқтарындағы туа біткен ақаулардан зардап шегетін испан королі Филипп II үшін орындық жасау туралы жазбалардан табуға болады. Ал одан кейін  XVII ғасырда мүгедектерге арналған арбалар сәндік жағынан да  дами бастаған екен. Олар қымбат ағаштардан жасалып, алтын бөлшектермен безендіріліп, былғарыдан жасалған және қымбат маталармен қапталған.  XVII ғасырдан бастап арбалар қалай жетілдіре бастағанын және заманауи адамға көбірек таныс көріністі ала бастағанын байқауға болады.  1783 жылы ағылшын Джонси Даунс медициналық мақсатта ғана емес, толық мүгедектер арбасын ойлап тапты. Ол арнайы тұтқамен басқарылатын толыққанды көлік еді. Арбада модельдердің жеткілікті кең ауқымы болды.  XVII ғасырда АҚШ азамат соғысына байланысты оңалту өнімдерін өндіруде көшбасшыға айналды. Осы кезеңде мүгедектер арбалары ықшам және жеңіл болып жасалды, оларды толығымен қолмен басқаруға болатын еді.  1912 жылы Америкалық өнертапқыш Джордж Вестингхаус тарихтағы алғашқы электрлі орындықты жасады. Міне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәдімгі арбаның өзі өнертапқыш жандардың арқасында осылай жетілдіріле берген. Қазіргі заманда ондай арбалардың сан түрін табуға болады. Дегенмен тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандардың мүмкіндігін арттырып оларға қажетті арбаны дамыта беру өмірдің өз талабы десек, бүгінгі әңгіменің өзегіне айналып отырған робот арбада зағип жандардың қажеттілігін өтеу үшін үздіксіз жалғасып келе жатқан жасампаз өнердің заңды жалғасындай әсер етеді.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста