Алтыншаш ЖАҚИЯНОВА: Атама ұқсап мен ертең, жақсы адам боп шығамын ...

Алтыншаш ЖАҚИЯНОВА: Атама ұқсап мен ертең, жақсы адам боп шығамын ...

Алтыншаш ЖАҚИЯНОВА, ҚР Журналистер Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Майдантал ауылында туған. 

Қаз.МҰУ-дың журналистика факультетін, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетін тамамдаған. Семей облысы Ақсуат аудандық «Ақсуат арайы» газетінде әдебиет және мәдениет бөлімінде әдеби қызметкер боп істеген. Қазір Алматы облысы Қапшағай қаласының 30 жылдан аса тұрғыны, Қапшағай қаласының Құрметті азаматы.

Алтыншаш  бірнеше дүркін жыр мүшәйралары мен аймақтық ақындар айтысының жеңімпазы.  Оның «Жүрегімнің жұлдызы», «Өлеңім – өмір жолым», «Базарлық», «Қаршыға ғұмыр», «Жаңбырлы жаз», «Қапшағай толқынында туған жырым», «Жанымның нұры», «Сүмбіле», «Сезімнің гүлі», «Құлыншақ» атты жыр жинақтары және «Қанат жайған Қапшағай», «Менің Мұқағалиым», «Алып тұлға және айдынды қала» атты көркем публицистикалық жинақтары жарық көрген.

2017 жылы - «Жетісу балалар кітапханасы» айдарымен ақын-жазушылардың, суретшілердің арасындағы балалар әдебиеті кітаптарына республикалық байқауының «Балаларға арналған үздік поэзия» номинациясының «Балалар әдебиетінің үздігі» атағын жеңіп алып, облыс әкімінің қолдауымен «Құлыншақ» атты жыр жинағы кішкентай оқырмандарға жол тартты.

Көптеген ән өлеңдерінің авторы.

 

 

   

 

 

ҚОЛДАЙМЫН...

 

Алыстан мені көрсең,

Былдырлай жөнелесің.

Бір сыйлық ала келсем,

Шаттыққа кенелесің.

 

Алдайсың күлкіңменен,

Қуланып тығыласың.

Сен болдың бұл күнгі өлең,

Байқашы, жығыласың.

 

Ойыңда не бар екен, 

Сөмкемді ақтарасың.

Жазуға ақ қағаз бен,

Қаламды ап қаласың.  

 

Ал келіп, жата қалып,

Ақ бетке шимайлайсың.

Бер десем, қапаланып,

Ешқашан иланбайсың.

 

Қолымнан қаламымды,

Алатын сен боларсың.

Қолдаймын талабыңды,

Ақын боп, жыр жазарсың.

 

 

 

***

Ұялы телефонға,

Үңілдің күндіз-түні.

Ойын да – бәрі сонда,

Құптайды, ал, кім мұны?!

 

«Далаға ойна!» деген,

Көрмедің сөзімді ұғып.

Жасыңда онға келген,

Тақтың кеп көзілдірік.

 

Жасыңа жетпей жатып,

Атандың оқымысты.

Сөзіміз өтпейді анық,

Қарашы отырысты.

 

Өс, балам, ақылды боп,

Тыңдайтын үлкендерді.

Үңіліп отырма көп,

Болды әдет бұл күнгі енді.

 

 

 

 

МЕНІҢ АТАМ

 

Мен атамның ұлымын,

Жанарының нұрымын.

Қуантатын «бесімен»,

Үздіктердің бірімін.

 

Еркелетіп аташым,

Сағынышын басатын.

«Жақсы азамат бол!» дейді,

Беріп маған батасын.

 

Ертегі айтып үнемі,

Мейірімді жүрегі.

Тойға барса, жанынан,

Тастамайды бір елі.

 

Атам менің мұғалім,

Айтқан сөзін ұғамын.

Атама ұқсап мен ертең,

Жақсы адам боп шығамын.

 

 

 

 

АСЫЛЫМҒА

 

Барғанда ұшып-қонып,

Періштең сездірді ме?

«Атамның туысы-ау» - деп,

Қиялың кездірді ме?

 

Шыға алмай маңайымнан,

Жүгірдің шыр көбелек.

Әр гүлге ұшып-қонған,

Секілді бір көбелек.

 

«Жақынды бала білер»,

Деген ғой атам қазақ.

Қамыңды ойлап жүрер,

Қыз бала өсер тез-ақ.

 

Есімде қалып қойдың,

Әдемі қылығыңмен.

Өсесің гүлдей болып,

Өнеге ап бүгініңнен.

 

Үстелге тамақ тасып,

Аптығы басыла алмай.

Екіге толмаған қыз,

Шаттығын жасыра алмай.

 

Жеңгем де елпең қағып,

Артынан жүгіреді.

Асылдың жолын бағып,

Тұрғаны білінеді.

 

Тіл көзден аман болсын,

Кішкентай бүлдіршінім.

Тіпті де мән бермеппіз,

Барғанда былтыр, шыным.

 

Көкемнің Асылайын,

Тым жақсы көріп кеттім.

Несіне жасырайын,

Көре сап еріп кеттім,

Қазір де алып-ұшып,

Келіп тұр көріп кеткім!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста