Әлеуметтік бағдарламалар еліміздегі отбасылардың әлеуетін арттыра ала ма?

Әлеуметтік бағдарламалар еліміздегі отбасылардың әлеуетін арттыра ала ма?

2025-30 жылдарға қарай жұмыс істеуге жарамды қазақстандықтардың қатары азаяды деген болжам бар. Өйткені қазіргі таңда Қазақстанда кәрілер саны қазір 6,6 пайыздан асып қалыпты. Қазақстан халқы 2020 жылдан бастап "қартайған" мемлекеттердің қатарына қосылуы мүмкін. Сарапшылар халықтың қартаюының алдын алу үшін алдағы 10 жылда көп балалы отбасылардың қатарын көбейту керек дейді. Бала санын көбейтуді мемлекет тарапынан ынталандыруды қажет етеді. Осы орайда былтырдан бері елімізде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырыла бастады. 


БҰҰ сараптамасына сәйкес 65 жастан асқан азаматтардың саны 7 пайыздан асса, ол мемлекеттің қартая бастағанын білдіреді екен. "2020 жылдан бастап біздің елдегі 65 жастан асқан азаматтардың үлесі 7,4 пайыздан асады. Бірнеше жылдан кейін біз де қартайған елдердің қатарына қосыламыз", – деді Бірғаным Әйтімова.
Бір кездері Қазақстан Кеңес мемлекеттерінің ішінде халқының саны бойынша Ресей, Украина және Өзбекстаннан кейін төртінші орында болған еді. 1990 жылдары халқының саны жағынан бізбен шамалас болған Өзбекстан қазір Қазақстанды басып озды.
Экономист Сағындық Сатыбалдиннің айтуынша, өзбек халқының күрт көбеюіне шығыстық менталитетті берік ұстанулары себеп болып отырған көрінеді.
Дүниежүзіндегі біраз мемлекеттерде бала тууды арттырудың әртүрлі жолдарын қарастырып келді. АҚШ, Сауд Арабиясы, Малайзия, Ресей экономикалық жолмен шешпек, яғни қаржылай көмектесуді қолға алса, Түркияда жасанды түсік жасауға тыйым салып, құқықтық жағынан түбірімен тосқауыл қойып жүр.
Ал Қазақстан балабақша, аурухана, мектеппен толық қамту сияқты әлеуметтік жағынан ынталандыратын елдердің қатарына жатады екен.
Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсенбаеваның айтуынша, балаға берілетін жәрдемпұлдың отбасындағы қажеттілікті жаппайды. «Халық санын өсірудің өлшемі – ана капиталы емес, ата-ананың ұрпақ жалғастырамын деген ықыласы» дейді ол.
Қазіргі кезде жаһандану үдерісінен пайда болған отбасылық проблемаларды шешу Қазақстан Үкіметінің және әлеуметтік жұмыскерлердің алдындағы келелі мақсаттардың бірі.

Үкімет адами капиталдың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ барлық қазақстандықтар үшін өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізуіне бағытталған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, онда әлеуметтік-еңбек қатынастарын, денсаулық сақтау жүйесін, білім беруді және ана мен баланы, отбасылардың осал топтарына жеке назар аудара отырып, әлеуметтік қорғауды реформалау бойынша стратегиялық міндеттер айқындалған. Қазақстанда демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде әйелдер, ана мен бала мәселелері бойынша алғашқы қоғамдық мәні бар құрылымдар қалыптасты.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына қосылды. Сонымен қатар, Қазақстан 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ТДМ) қосылды, ондағы 17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылады. Бұл мақсаттар мемлекеттің барлық стратегиялық бағыттары мен міндеттері аясында ұлттық бейімдеуді және есепке алуды талап етеді.
2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын (бұдан әрі – Гендерлік стратегия) қабылдау және іске асыру тек әйелдердің ғана емес, сонымен қатар ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктеріне неғұрлым тең қарауға мүмкіндік берді.
Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерін орындау барысы туралы үшінші және төртінші мерзімді баяндамалардың қорытындылары бойынша БҰҰ Комитеті әйелдер мен ерлер үшін құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі мәселелері бойынша заңнамалық базаның құрылуына оң баға берді.
Мемлекеттік отбасылық саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және отбасылардың өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету қағидаттары, бағалаулары және шаралары жүйесін білдіреді.
Гендерлік стратегияны іске асыру жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.
Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да бар.
Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.
2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға, сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.
2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдердің зейнетақы жинақтарының барабар мөлшерін қамтамасыз ету мақсатында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.
Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі.

Мемлекет қабылдап жатқан ана мен баланы қолдау шараларының тиімділігін оң статистика растайды. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда бала туу 8,8 %-ға өсті, егер 2010 жылы 366,2 мың бала туса, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 398,6 мың бала туған.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 17,670 млн. адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 9,128 млн. (52 %), ерлер – 8,542 млн. (48%). Халық санының өсімі 2015 жылы 266,4 мың адамды құрады, өсу қарқыны жылына – шамамен 1,5 %.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған жылдары репродуктивтік денсаулық жағдайын жақсарту айтарлықтай алға ілгеріледі.
Қазақстан БҰҰ-ның мыңжылдықтың даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді: елде аналардың өлім-жітім көрсеткіші 3,7 есеге (100 000 тірі туғандарға шаққанда 2006 жылы 45,6 болса, ал 2015 жылы 12,3 болды), балалар өлім-жітімі – 1,5 есеге (1000 туғандарға шаққанда 2006 жылы 13,9 болса, ал 2015 жылы 9,4 болды) азайды. Тегін медициналық қызметтің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі қызметі қосылды.

2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға, сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.
2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдердің зейнетақы жинақтарының барабар мөлшерін қамтамасыз ету мақсатында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.
Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі.

Мемлекет қабылдап жатқан ана мен баланы қолдау шараларының тиімділігін оң статистика растайды. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда бала туу 8,8 %-ға өсті, егер 2010 жылы 366,2 мың бала туса, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 398,6 мың бала туған.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 17,670 млн. адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 9,128 млн. (52 %), ерлер – 8,542 млн. (48%). Халық санының өсімі 2015 жылы 266,4 мың адамды құрады, өсу қарқыны жылына – шамамен 1,5 %.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған жылдары репродуктивтік денсаулық жағдайын жақсарту айтарлықтай алға ілгеріледі.
Қазақстан БҰҰ-ның мыңжылдықтың даму мақсаттарына мерзімінен бұрын қол жеткізді: елде аналардың өлім-жітім көрсеткіші 3,7 есеге (100 000 тірі туғандарға шаққанда 2006 жылы 45,6 болса, ал 2015 жылы 12,3 болды), балалар өлім-жітімі – 1,5 есеге (1000 туғандарға шаққанда 2006 жылы 13,9 болса, ал 2015 жылы 9,4 болды) азайды. Тегін медициналық қызметтің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі қызметі қосылды.

2009 жылы қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған адамдар мен отбасыларға көрсетілетін қызметтер спектрін айтарлықтай кеңейтті.
Тегін медициналық-әлеуметтік, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық қызметтер мүгедектері бар отбасы мүшелеріне, әлеуметтік мәні бар ауруға ұшырағандарға, бас бостандығын айыру орындарынан босап шыққан адамдарға, зорлық-зомбылық құрбандарына, жалғызбасты қарт адамдарға көрсетіледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Елде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды (247 аудандық ішкі істер бөлімінің ішінен 133-де әйелдер мен балалар істері жөніндегі инспектор лауазымы штатқа енгізілді). Үйдегі зорлық-зомбылық құрбандары пайдаланған қорғау ұйғарымдарының саны жылдан жылға өсуде.
Қазақстанның барлық өңірінде зорлық-зомбылық құрбандарына тегін медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер, сондай-ақ уақытша баспана беру қызметтері көрсетілетін 28 дағдарыс орталығы жұмыс істеуде (17-сінде баспаналар бар), ал 2006 жылы 10 өңірде ғана 24 орталық жұмыс істеген болатын. Жыл сайын барлық өңірде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты ақпараттық-сауаттандыру акциясы жүргізіледі.
Отбасыларды қолдаудың ресурсты орталықтарының қызметі ұйымдастырылды. Формальды білім беру жүйесінде оқушыларды адамгершілік және патриоттық сезімге тәрбиелеуге қатысатын әкелердің қоғамдық бірлестіктері дами бастады.
Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі, Отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспар бекітілді, ол отбасылық құндылықтарды нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, Жалпыға бірдей еңбек қоғамын құру сияқты үш бағыт бойынша іске асырылады, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Мемлекеттің отбасын кешенді қолдау бойынша шаралар қабылдауына қарамастан, шұғыл шешім қабылдауды талап ететін мынадай үрдістер орын алуда.
Ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өскені байқалады. Шамамен әрбір үшінші неке ажырасуда. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасу үлесі көбейді. 2011 жылы 160,5 мың некенің 44,9 мыңы ажырасса (28 %), 2015 жылы 148,7 мың некенің 53,3 мыңы ажырасқан (35 %).
Толық емес отбасылар саны артуда. 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда толық емес отбасылар үлесі 6,8 %-ға артқан. Олардың ішінде 400 мыңнан астам әйел 700 мыңнан астам баланы, ал 60 мыңнан астам ер адам 300 мыңнан астам баланы тәрбиелеп отыр (15,1 % бала анасымен ғана, 6,4 % бала әкесімен ғана тұрып жатыр). Демек әрбір 5-ші бала толық емес отбасында өмір сүруде.
Гендерлік шарттармен ер адамдарға берілген еркіндік әкелердің бала тәрбиесіне аз қатысуына және баланы асырауға алимент төлеудегі проблемаға әкеп соқтырады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 279 мың іс қарауда болса, оның ішінде әйелдерден алынатын алимент үлесі 0,8 % құрайды.
Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (бұдан әрі – МИКЗ) нәтижелері бойынша 2015 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың 6,6 %-ы ғана өзінің ерте білім алу процесінде әкелері тарапынан көмек алады, ал аналар тарапынан осындай қолдауды балалардың 50,7 %-ы алады.
Баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлердің осы уақытқа дейін осындай жағдайға тап болған әйелдер иеленетін құқықтары жоқ. Әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету процесінде ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне қатысты қоғамдағы қатып қалған стереотиптердің болуы әсер етеді.
«Азаматтық» және кейбір этникалық топтар өкілдері арасында туысқандық некелер белгілі бір деңгейде орын алуда. Ерлер мен әйелдердің азаматтық хал жағдайы актілері органдарында тіркелмей діни мекемелер арқылы неке қию жағдайлары жиіледі. Бұл ретте, отбасының қолайсыз құндылықтары, оның ішінде әйелдің отбасындағы рөлі, оның әлеуметтік белсенділігі мен жұмысбастылығы дәріптелуде. Кейіннен осындай отбасыларда ажырасуға әкеп соқтыратын жанжалдар болып жатады.
Қыз алып қашу және қыздарды күштеп тұрмысқа беру оқиғалары орын алуда, бұл өз кезегінде, ұлттық салт-дәстүрді қайта жаңғырту емес құқықтық зайырлы мемлекетте қылмыс болып табылады.
Профилактикалық шаралар жеткілікті жетілмеген, осыған орай отбасымен жұмыстар, негізінен, өмірлік қиын жағдайға тап болу фактісі орын алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте, көмек алу үшін түрлі инстанцияларға жүгіну қажет, әлеуметтік көмекті түрлі ведомстволар ұсынады, олар әдетте, отбасы мүшесіне оны отбасынан алшақтату арқылы көрсетіледі. Бұл отбасылық байланысты жоғалтуға, отбасы мүшесін әлеуметтендіру деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады, ал көрсетілген көмек отбасын сақтауға және нығайтуға бағытталған болуға тиіс.
Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Некеге тұрғандардың 16 %-ға жуығы ұрпақ сүйе алмайды, бұған ерлер де, әйелдер де тең жауапты. Ерлердің өз денсаулығына немқұрайлы қарауы, зиянды әдеттерге үйір болуы, өндірісте тәуекелшіл мінез-құлыққа бейімдігі экономикалық белсенді жаста созылмалы ауруларға шалдығуға және өлімге әкеледі. Бұдан басқа, Қазақстан әйелдер популяциясында обырдың таралуы бойынша бірінші орын алады.
Барлық елдердің отбасылық проблемалары ұқсас болғанымен, кейбір ұлттық ерекшеліктерге байланысты өзгеруі мүмкін. Отбасының проблемаларына не жатады?
Оған:
— Ажырасу, жұбайлардың келіспеушілігі
— Неке санының азаюы.
— Бала туудың төмендеуі.
— Әйелдердің күйеу тарапынан зардап шегуі, яғни, отбасындағы зорлық.
— Материалдық жетіспеушілік.
— Отбасындағы жұбайлардың түсініспеушілігі.
Бұл проблемаларға Қазақстан да душар болып отыр. Яғни, қоғам болған соң проблема болғаны бұл заңдылық. Бірақ, шектен шығармай реттеп отыру қажет. Сол мақсатта Қазақстан Республикас Үкіметі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да қоғамдық ұйымдар көптеген жұмыстар атқаруда.
Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айрылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.
Отбасы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделіпғ маңызды өзгерістерге төтеп береді. Олардың дәйексіздігі, сонымен қатар, Қазақстан халқының ауқымды мәдени әртүрлілігі өмір сүріп отырған отбасы моделінің әр алуандығын алдын-ала анықтайды және олардың көпшілігінің ауыспалы сипаты бар.
Осының бәрі отбасы саясаты жүйесіндегі отбасы қызметінің барлық бағыттарында отбасы мен қоғамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін әлеуметтік институт қызметін ұйымдастыру және үйлестіру тәсілі ретінде отбасы саясатын реформалаудың қажеттігін туғызады.
Отбасы саясаты – ол өзара қарым-қатынастағы көптеген институттардың бірі ретінде отбасының арнайы мүддесін және отбасы рөлін басқа да әлеуметтік рөлдермен қатар орындайтын алып жүруші ретінде адамның арнайы мүддесін қорғайтын бүкіл әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ғана.
Отбасының көптеген мәселелері отбасының құрлымдық өзгерістерімен, өзара ішкі қарым-қатынасы сипатымен және т.б. қатысты өткерген ішкі өзгерістермен байланысты. Отбасы саясатының мәні отбасының тереңдетіп қаралған мүддесін қоғамның түсінуіне және қолдауына, жеке тұлға, отбасы және жалпы қоғам арасындағы жаңа тепе-теңдікті іздестіруге ықпал етумен түсіндіріледі.
Қазіргі отбасы өрістеудің күрделі кезеңін – дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үдерісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, отбасы қызметі, билікжүйесі, отбасылық роль, жұбайлардың функциолнальды тәуелділігі, отбасындағы бала жағдайы өзгереді, ал бұл өз кезегінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне әкеледі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың субъектісі туралы айта отырып, бір жағдайды есте ұстауымыз қажет. Осындай қызметкерлердің арасында осы жұмысты тек ұйымдастырумен ғана айналысатындар және оларға тікелей көмек көрсететіндер бар. Оларды шартты түрде практиктер немесе практикалық әлеуметтік қызметкерлер деп атайды.
Бүгінгі күндері Қазақстанда ұлттық ақпараттық технологияны және ресурстады құрудың шарттары бар екендігін сенімді түрде айтуға болады және олар тепе-тең және жоғарғы кәсіптік көзқарас кезіндегі қысқа мерзім ішінде құрылуы тиіс.
Мемлекеттің отбасы саясатына қоғамның мүддесінде отбасының қызметін қамтамасыз ету мақсатында балалы отбасына белгілі әлеуметтік кепілдік беретін тәжіриби шаралар жиынтығы кіреді. Олар экономикалық және әлеуметтік көмектің түрлерін өзіне қосады. Бұл көмек әр елде әртүрлі, бірақ барлық жерде бір түрде көрсетеді.
Барлық елдерде отбасы маңызды әлеуметтік институт болып есептеледі, онда жаңа ұрпақ пайда болып, тәрбиеленеді және олар онда әлеуметтендіруден өтеді және әлеуметтік қолдау таба алады.

Айым Нұр 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста