Әйелдерге қол көтерген ер адамдар қатаң жазаланады

Әйелдерге қол көтерген ер адамдар қатаң жазаланады

Еліміздегі әйелдер арасында жүргізілген сауалнамалар мен жекелеген зерттеулер біздің мемлекетте әйелдер мен балалардың жиі зорлыққа ұшырайтынын көрсетеді. Соған құарамастан әйелдердің көбі ер адамдардан көретін зорлықты жасырып қалуға тырысатын көрінеді. Сондықтан әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігіне, бостандығына қатысты, барлық адамдардың абыройы мен жеке басының дербес құқығын сақтауға қатысты еліміздің әр өңірлерінде тиісті шаралар өткізіліп тұрады. 

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың біршама түрі бар: ер адамның әйелге қол көтеруі, күш қолдануы, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық, оның ішіне ұрып-соғу, отбасындағы қыздарға қатысты жыныстық мәжбүрлеу, күйеуінің әйелін зорлауы, әйелдің жыныстық мүшелерін зақымдау және тағы басқа да әйелдерге залал келтіретін тәжірибенің дәстүрлі түрлері, некеден тыс зорлық-зомбылық, жалпы қоғамда орын алатын физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық, оның ішіне зорлау, жыныстық мәжбүрлеу, әйел адамды жұмыста, оқу орындарында және басқа да жерлерде қорқыту, әйелдерді саудаға салу және жезөкшелікке мәжбүрлеп итермелеу, осының барлығы біздің қоғамда бар. Мамандардың айтуынша, әйелдерге қатысты сан алуан зорлық-зомбылық түрлерінің кең таралуы туралы статистикалық мәліметтер мен зерттеулердің нәтижелері құпия түрде қалмай, жариялануы тиіс. 

Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл басынан бері төбелесіп, әйелдерді жәбірлеген 500 азаматты жауапқа тартқан. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары үйлер мен пәтерлерді аралап, үй иелеріне полиция учаскелік пунктінің байланыс нөмірлері жазылған парақшаларды таратты. Заң қызметкерлері әр отбасындағы жағдайды да қадағалап, құқықтық тақырып бойынша кеңестер жүргізіп жүр. 
«Петропавлдың Подгорья ауданында жүргізілген рейд қорытындысы бойынша, отбасына маза бермейтін төбелескіштердің басым бөлігі — ажырасқан, алкогольді ішімдікті көп ішетін, 36 жастан асқан ер адамдар. Олардың агрессиясы жақын туыстарына, әсіресе туған ата-анасына бағытталған. Жанжал жиі туындайтын әр отбасы учаскелік инспектордың бақылауында», — деді баспасөз қызметінен.
Күн сайын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің қызметкерлері отбасындағы қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алумен және оларды анықтаумен айналысуда.
Жыл басынан бері қалалық ІІБ қызметкерлері «Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер» бабы бойынша 549 заң бұзушыны жауапқа тартқан. Ол бойынша ескертулер беріліп, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Айым Нұр 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста