Әйел құқығын шектеуге тосқауыл болу – тек биліктің міндеті емес

Әйел құқығын шектеуге тосқауыл болу – тек биліктің міндеті емес

 «Сұлулық әлемді құтқарады», ал әйел – әдеміліктің символы. Сондықтан әйелді аялау – отбасының беріктігін сақтау, мемлекет тұрақтылығының кепілі деген сөз. Елімізде жыл басынан бері әйел құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселесіне қатысты жер-жерлерде бірнеше мәрте түрлі жиындар мен конференциялар өтті. Таяуда Астанада Шығармашылық әйелдер бастамасы лигасы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен, ҚР Президенті жанындағы әйел істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен «Қазақстандағы әйелдер құқығы: мүмкіндіктер мен кедергілер» атты конференция ұйымдастырылған болатын, ал Алматыда БАҚ, өнер және медиа өкілдерінің қатысуымен «Әйелді аяла» ұлттық акциясы жұмысын жүргізді.

Астанада өткен жиында қоғамдағы әйелдердің рөлі сөз болды. Сонымен қатар қоғамда көп талқыға түсетін гендерлік саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің саясатқа араласуы сынды маңызды мәселелер айтылды.
Сорос-Қазақстан қорының өкілі Аида Айдарқұлованың айтуынша, «Әйелді аяла» – қазақ тілінде жасалған ең алғашқы жалпыреспубликалық кампания.
– Қазір әйелдердің құқығы тапталып, түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырайтын жағдайларды жиі көріп, естіп жатамыз. Алайда қоғам ретінде осындай жағдайларға қалай тоқтау қоямыз деген мәселелер аса талқылана қоймайды. Әйел құқығын шектеу және ондағы кедергілер мәселесін шешу – тек биліктің ғана міндеті емес, ең бірінші қоғамның міндеті, - деді Аида Айдарқұлова.
Конференция жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззәт Сүлеймен, ҚР Әділет вице-министрі Элвира Әзімова, ҮЕҰ өкілдері, елімізге танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы, Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артьемов, құқық қорғаушылар, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
– Елімізде әйелдердің құқығын жүзеге асыруға кедергі болатын қауіп-қатерлер туралы қоғамның басым бөлігін тарта отырып, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен бейресми, ашық пікірталас алаңдарында, форумдарда барынша кеңінен талқылау керек, - дейді Шығармашылық әйелдер бастамасы лигасының президенті Әсия Хайрулина.
Конференция аясында «Киімді кінәлама», «Ұят» атты көрмелер өткізілді.
«Әйелді аяла» ақпараттық кампаниясы мемлекеттік тілдегі әрі өнер жұлдыздары мен еліміздің қоғам және мәдениет қайраткерлерін әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесі аясында біріктіретін Қазақстандағы алғашқы ақпараттық науқанның бірі.

«Әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқықтарының ажырамас бөлігі болса да, әйелге кемсіте қарау, оны төмендету секілді оқиғалар жиі кездесіп жатады. Нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық туралы ресми деректер, теңдік пен құқық мәселесі дәстүр мен əйелдің қоғамдағы рөлінің көлеңкесінде қалып қояды», дейді «Сорос-Қазақстан» қорының Адам құқықтары жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.

«Әйелдердің құқықтарын іске асыруға байланысты заманауи қауіп-қатерлер мен мәселелер бейресми, ашық пікірталас алаңдарында, форумдарда, мемлекетпен диалог барысында талқыланып, мүмкіндігінше қоғамның түрлі саласының назарын аударуы тиіс. Біздің ақпараттық кампания әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы ашық және көп қырлы диалогтың бастауы болады деген үміттемін», дейді Әйелдер шығармашылық бастамасы лигасының президенті Асия Хайруллина. Ендігі жерде келесі жылға жалғасатын ақпараттық кампания шеңберінде әйелдер мен қыздар үшін тең мүмкіндіктер, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік және саяси белсенді әйелдердің жетістіктерін насихаттау жайлы бейнематериалдар дайындалмақ. Сондай-ақ әртүрлі сараптамалық кездесулер мен пікірталастар, тақырыптық фильмдер көрсетілімі, заманауи өнер көрмелері өткізіледі деп жоспарлануда.

Айша Нұржан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста