Жын-перілер, әруақтарды мысық қана көре ала ма?

Үй жануарлары бізбен бірге күнделікті өмірде біте қайнасқан тіршілік кешіп келеді. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, қызметтері, пайдасы бар. Мәселен, пырылдап, ұйқыдан бас алмайтын мысықты көп жағдайда тышқан аулау үшін асыраймыз. Алайда, мұртты жануардың тышқан аулаудан бөлек жер бетінде атқарар миссиясы бар екен. Адамзат баласы бағзы заманнан мысықты сиқырлы жануар санаған. Солардың бірі ежелгі мысырлықтар. Олар мысықты фәни мен бақиды жалғастырушы деп есептеген. Ең қызығы, египеттіктер мысықты бальзамдап, саркофагтарда жерлеген. Сол замандағы бақсы, тәуіптер «мысықтың көзі басқа әлемнің көрінісі, өзге дүниеге апаратын жол» деп бағалаған деседі. Әлемнің әр еліндегі халықтар мысыққа байланысты сан алуан салт-дәстүрлерді қалыптастырған: орыс халқы жаңа үйге, пәтерге қоныстанар алдында сол баспанасына әуелі мысықты кіргізеді. Мұндағы наным-сенім: мысық үйді тылсым күштерден тазартады. Ал қазақ ұлты мысыққа іші онша жыли қоймаған халық. Себебі, қазекемдер оны пейілі таза емес, жын-шайтанның серігі деп түсінген. Оның үстіне мысықты қинап жатқан балаларға қарияларымыз «қараңқалғырдың қарғысына қаласың, тиіспе» деп безек қағушы еді. Бүгінде қара мысық жолыңды кесіп өтсе жолың болмайды деген сөзге де иланушы бізбіз. Бекер-ақ.... Себебі, мысық біз ойлағаннан ақылдырақ.

 

Кесірлі емес қасиетті

-1Кейбір халықтардың ескі аңыздарында мысықтың үйдегі тылсым күштермен, үй иесімен сөйлесетіні айтылған. Иә, қазір де көп адам, олардың ішінде тылсым дүние сырларын зерттеушілер: «мысық адам көзіне көрінбейтін тылсым дүниені көре алады, онымен байланыста болады», - деп ой қорытады. Олардың дәлелдеуінше, мысықтар біздің өмір сүріп отырған әлемімізді жұлдызды әлеммен жалғастырып, адамдарды тылсым күштерден қорғай алатын қасиетке ие. Мысықтың алдыңды кесіп өтуі саған кесірін тигізейін дегенінен емес, керісінше, сені төніп тұрған қауіп-қатерден сақтандырып, сездіргені, осылайша өзіңді қорғауға тырысқаны. Зерттеушілердің дәлелдеуінше, қара түсті мысықтар өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсым күштерге қарсы тұруға өн бойында қуаты мол, әрі өте қабілетті. Сондықтан да бірқатар экстрасенстер үйлерінде тек қара мысықтарды ұстайды. Демек, қара мысықтар теріс энергияны жұтып алатын қасиетке ие. Кейде мысық өзінің сиқырлы қызметін қажет ететін үйді өзі іздеп тауып алады деген сөз бар. Ендеше, есігіңіздің алдына келіп тұрған мысықты қуа көрмеңіз.

Пайғамбардың айтқаны

Ұйықтап жатқан мысықты оятуға бата бермейтініміз бар. Ол Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың шапанына ұйықтап қалған мысықты оятпай, етегін ойып тастап кеткендігімен байланысты болса керек. Ислам сахабалары мысықты кесірлі санамаған. Оны пайғамбарымыздың сахабасы Әнас бин Маликтің риуаятынан аңғаруға болады: «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадинаның маңайындағы Бутхан деген елді мекенге барады. Дәрет алмақ болып: «Әй, Әнас! Су құй», – дейді. Мен дәрет су құйдым. Бір мысық ыдыстағы суды жалады. Сол уақытта пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әнас! Мысық үй жануары, ол ешбір нәрсені лас етпейді және ешбір нәрсені нәжіс етпейді»,–деді. Тағы бір әңгіме: Әбу Қатада баласының үйіне келіпті. Келіні Кабшат Кағбқызы қайын атасына дәрет су әзірлеп береді. Ол дәрет алмақ болып отырғанда мысық су ішкісі келіп жанына барды. Әбу Қатада мысық су ішсін деп ыдысының шетін қисайтты. Келінінің таңданып тұрғанын көріп: «Алла елшісі (с.ғ.с.) «Расында мысық нәжіс емес, сендердің үйлеріңде жүретін жануар» деп айтқан екен.

 

Мысық және медицина

Мысық адамның ауыратын жеріне барып жатып алады дегенді естіген боларсыз. Медицина ғалымдары мұны әлдеқашан дәлелдеген. Физиотерапияны химиялық препараттардан іздемей-ақ қойыңыз. Себебі, нағыз физиотерапия ол мысықтың өзі. Мияулағыштың мамық терісін бірнеше минут сипасаңыз, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Ашуланғанда, не болмаса қатты шаршағанда да сізге үй жануары көмекке келеді. Сезімтал жануар күйзеліп отырған адамға жақындау арқылы оны тыныштандыруға, сабасына түсіруге тырысатын көрінеді. Мысықтың нәзік жандыларға қарағанда, ер адамдарға көбірек әсері бар. Дәрігерлер бұл төрт аяқты жануарды үйде ұстау ер адамдарда жүрек талмасы мен инсульттің туындау қаупін 20 пайызға дейін азайтады деп есептейді. Мысықтың қасиетіне ерекше мән беретін ағылшындықтар оны енді адамдарды есірткі мен ішімдіктен емдеудің құралына айналдырып отыр. Әсіресе, ақ түсті пырылдауықтар бүкіл ауруды жаза алуға қауқарлы екен. Сол себепті, Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшкен.

Емші мысықтар адамдар секілді СПИД-пен ауырады екен. Биолог Эрик Пейшлдің сөзіне сенсек, мысықтар мен адамдар бір-біріне генетикалық жағынан өте ұқсас болып келетінге ұқсайды. Зерттеулер бойынша жер бетіндегі мысықтардың 4,5 пайызы осы ғасыр дертін жұқтырғандар. Тек, айта кетерлігі, мысықтар СПИД-тен өлмейді және адамдарға жұқпайды.

 

Брежневтің «оққағары»

brezhnev2Ел есінде адамдармен ерекше сүйісіп амандасуымен есте қалған, Кеңес Одағын талай жыл басқарған Брежнев жайлы естелік әңгімелер көп. Соның ішінде оны үш рет ажалдан аман алып қалған қара мысығы жайлы көп айтылады. Көз көргендердің айтуынша Брежнев Үндістанға барған сапарында сол елдің премьер-министрі Индира Ганди оған қара мысықты сыйға тартқан көрінеді. Мәскеуге сыйлығын арқалай келген ол мысықты хайуанаттар үйіне тапсырмай, үйіне алып келеді. Бір күні таңертең жұмысқа жиналғалы жатқан иесінің аяғына мысығы қайта-қайта оратылып, жолын кес-кестей береді. Алғашында оған аса мән бермеген Бас хатшының есіне Индира Гандидің мысықтардың қауіп-қатерді алдын ала сезетін қасиеті бар деген сөзі есіне түседі. Қатарласа жүріп отыратын, бір-бірінен аумайтын үш бірдей машинаның ортаңғысында жайғасатын Брежнев сол күні әдеттегі дағдысын өзгертіп, соңғы көлікке мінеді. Үйден бір шақырымдай ұзағанда ортада келе жатқан көлік көз алдында жарылады. Бұл қара мысықтың алғашқы ерлігі еді.

Екінші оқиғада мысық Бас хатшыға зауыттың бірінде болатын жарылысты сездіртеді. Жылдар аунап жатқанда Брежнев іссапармен Өзбекстанға баратын болады. Кетер алдында мысық тағы да иесіне қауіптің күтіп тұрғанынан хабар береді. Мысықтың көңіл-күйінен бір қатердің боларын сезеді. Алайда, іссапарды шегеруге болмағандықтан, өзбек ағайындардың еліне жол тартады. Екінші күні Өзбекстанның бірінші хатшысы Шараф Рашидов КСРО «билеушісін» қайта реконструкция жасалып жатқан Ташкент қаласындағы авиация зауытын аралатады. Қайта жөндеу жұмыстарын қарап тұрғанда, кенет, жоғарыдан темір конструкция құлайды. Оққағарлар қанша сақ болып, жылдам әрекет етіп, Брежневті шетке алып қашқанмен темір конструкцияның бір шеті Брежневтің иығына тиіп, бұғанасы сынады. Алайда, аман қалады. КСРО-ның білдей басшысын бір рет емес үш мәрте өлімнен сақтап қалған мысық, Брежнев қайтыс болардан бір-екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екен.

Жер бетінде мысықтардың сексенге жуық түрі тіршілік етеді. Солардың ішіндегі ең қымбаты Ашера дейтін мысық. Оның бағасы – 15-100 мың доллар шамасында. Үлпілдек жүнді жануарлардың қымбатқа бағалануы әрине тегін емес. Кесірлі деп жақтыра бермейтін мысықтың осындай ерекше қабілетінің барына сену, сенбеу өз құзырыңызда. Дегенмен, біз хайуандардың сезім дүниесін тым аз білеміз ғой. Сондықтан олар біз үшін төрт аяқты хайуан ғана.

Айнұр ОҢҒАРБАЙ 

www.oinet.kz/news/omir/i1471

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста