Жер асты жолы бар қала

Жер асты жолы бар қала

Қарт Қаратау қойнауына қоныс тепкен көне Сығанақ қазақ мемлекетінің алғашқы астанасы болған. Алай­да біз әлі күнге дейін өткен тарихты толық­тай таразыға тарта алмай келеміз. Қан­шама ғасырдан бері өткен шежіренің куәсі бол­ған мәдени мұраларды толықтай зерттеуге шама­мыз келер емес. Бұл – ақиқат әңгіме. Мәселен, бір ғана Сығанақ қаласының құпиясын ашу оңай­ға түспей отырған жайы бар. 


Ескіден естуімізше, Сығанақта жер­асты жолы болған деседі. Жіберілген су сол тесіктерге сі­ңіп жоғалады екен. Егіншілер қан­ша су жіберсе да, бәрібір тола қоймайды. Су сіңген тесіктерге тас тастаса, тоқтамай кете беретін көрінеді. Жерасты жолы туралы түрлі мәліметтерде айтылады. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Осылай дегенмен, бүгінгі күні оны көрген адам жоқ. Тек ескіден жеткен әңгімеге құлақ түргеннен арыға бара алмаймыз. 

Көне шаһардағы жерасты жолы қандай мақсатта қазылған? Оған байланысты түрлі жорамалдар бар. Қазақ даласында қаншама жаугершілік заман өтті. Осындай сәттерде қас дұшпаннан құтылудың сан түрлі жолдары болған. Жерасты жолы осындай айла-тәсілдерге пайдаланылған деседі. Бір қызығы, Сырдың жағасындағы көптеген көне шаһарларда осындай жерасты жолдары болғаны жайлы талай дуалы ауыздан естігеніміз бар. 

Олардың барлығы бірнеше шақырым­ға созылады. Қазіргідей техника жоқ кезде мұндай жұмысты атқару оңайға соға қоймасы тағы да белгілі. Әрине, олар сол жердегі жұрттың күшімен қазылған. Оған да таңғалмасқа лаж қайсы?..

Кезінде біз өткенімізге көз жұма қа­ра­дық. Сан алуан құндылық тасжүрек пе­йі­лі­міз­ден қирады деуге болады. Дегенмен сондай жөнсіз тірлікке барған адамдар өмірі де қайғылы жағдайлармен аяқтал­ған. Осындай оқиғалар Сығанақ қаласына да байланысты болған. 

Қала маңайында «Сунақ ата» кесенесі бар. Онда шығыстың белгілі шайырының бірі Хисамеддин Әл-Сығанақи жерленген. Өткен ғасырдың 40-жылдарында сол кесененің кірпішіне көз тіккен адамдар болған екен. Оның кірпішінен монша, үй және басқа да дүниелерді соғуды қалаған. Көнекөздердің айтуынша, мешітті қират­пақ­шы болған адам сол жерде тіл тартпай кеткен екен. Тіпті оның соңында ұрпақ қалмапты. Кесенеге залал келтір­мек­ші болған өзге де адамдар тағдыры қайғымен аяқталған. Көбісі түрлі белгісіз ауруларға шалдыққан. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста