Түсіңде қарға көрсең күйеуге шығасың...

Қызметтес келіншектердің бірі түс көргіш екен. Бірде ұнжырғасы түсіп кетіпті. – Не болды? – деп сұраймыз. –Түсімде бір қарға көремін де жатамын. Содан кешелі бері «енді не болып қалады» деп, алаңдаумен жүрмін, – дейді.– Ойбай-ау, қуана бер. Жақында тұрмысқа шығасың. Басың екеу болады, – дедік. Әлігі келіншектің көзі күлімдеп, жадырап сала берді.– Ағай, Сізге рахмет! Арқамнан бір қап отын түскендей болды…Қандай тылсым жағдай болса да жақсылыққа жору керек. Бұл ата-баба-ларымыздан бері келе жатқан ырым. Мысалы, түсіңде – бір құшақ немесе арбалап отын әкелсең, келешегің жарқын болады, болашақта жақсы өмір сүресің;- машина мініп, есік алдына айдап әкелсең, үлкен олжаға кезігесің;- жылан көрсең, жақында қуанышқа кенелесің;- өзің қайтыс болсаң, онда өңіңде ұзақ өмір сүресің;- пышақ көрсең, әйелің ұл табады;- дарбыз көрсең, қуаныш-шаттыққа бөленесің;- жел тұрып тұрса, бұл махаббат нышаны;- балық көрсең, жолың болмайды;- мысық көрсең, қас адамыңа жолығасың;- лас нәрсе көрсең, ауырасың;- жалау көрсең, біреумен сыйласасың; - қарға көрсең, үйленесің, тойың болады;- қағаз ақша көрсең, қуанышқа молығасың;- ай көрсең, бір сұлуға жолығасың;- сүлгі көрсең, біреуден хат-хабар аласыңдеген сияқты түс жорулары көбінесе шындыққа айналып жатады.Мына тыйымдарды да сақтау керек.Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді.Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді, дейді.Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады, дейді.Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.Сәби көзін ашып ұйықтаса – жары сұлу болады.Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса — болашақта батыр болады, бұл кемеңгерліктің белгісі.Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар.Сәбиге көз тимес үшін маңдайына күйе жағып қояды.Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп ырымдаған.Жұма күні кір жума – әруақтар ренжиді, дейді.Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді.Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа телиді.Адам құлағы шуылдаса, жанындағы кісіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тапса, «мені біреу мақтап жатыр екен» дейді. Таба алмаса, «жамандап жатыр екен» дейді.Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе, бота шошып кетеді де, көп ұзамай өліп қалады деп ойлаған.Қазақ сейсенбіде жолға шықпайды, іс, жұмыс бастамайды, көшіп-қонбайды.Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «жол болсын» дейді.Тамақ үстіне келген адамға үй иесі «мақтап жүреді екенсің» деп риза боп қалады. Дастархан жиналып жатқанда келгенге «бізді жамандап жүреді екенсің» деп ескерту жасайды.Дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпесе күйеуің немесе әйелің тастап кетеді, дейді.Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды.Мал төлдеп жатқанда ешкімге мал бермейді, сатпайды және айырбастамайды.Жақын адамдарға пышақ, ит сыйламайды.Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап немесе сатып алады.Ауыл ішіне атпен шауып келген жаман ырым.Егер сүйінші сұраса, шауып келуге болады. Бірақ «сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келуге тиісті.Қайғылы, қазалы хабарды естірткенде немесе жаназаға шақырғанда ғана атпен шауып келіп шеткі үйге хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауы тиіс.Үйге кешке немесе түнде келген адам «кеш жарық» деп кіреді. Үйге келген қонақ адам болсын-болмасын «ассалаумағалейкум» деп сәлем беруі керек.Екіқабат әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді.Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды.Аты сүріншек болады деп балаға төстің сүріншегін жегізбейді.Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды.Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.Тауық мезгілсіз шақырса – жаман ырым.Иегің қышыса бір жерден дәм татасың.Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы үйіп қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.Егер өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе, ол үйдің әйелі қыз табады дейді.Бейуақытта ұйықтаған, жылаған жаман болады.Қолды жуғаннан кейін оның суын сілкімейді, орамалмен сүртеді.Бала қаспақ жесе, оның үйлену тойында жаңбыр жауады.Баласы шымыр болсын деп екіқабат әйелге сағыз шайнатады.Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер Ана, қуат бер» деп, жалаңаяқ жүргізеді.Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса мерзімінен бұрын босанады деген ырым бар.Баласы кіндігіне оралып қалады деп екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.Бала ортан жіліктің майын жесе, ата-анаға мейірімсіз болады.Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады деседі.Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.Жас келіннің төсі, малдың желіні іссе, қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайды.Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.Аспаннан ағып түскен жұлдызды көргенде қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді.Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, «көзің тиеді» деп түкіртеді.Балықтың құйрығын ұстаса, ауға балық түспейді.Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.Мал үш, не төрт төл туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.Егер бір үйде қыз туа берсе, келесі баланы ұл болсын деп оған ұлдың атын қояды.Егер ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен емдейді.Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.Адам басы кемиді деп бөтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды.Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.Баланың мойынын тез және түзу бекісін деп оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.Несібесі көп, дастарханы мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.Жиенді ұрса, қолы қалтырайды деген ырым бар.Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды.Алыс жолға шыққан адамдар қарашаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.Қазақ жек көрген немесе көрмеймін деген адамының артынан бір уыс топырақ шашады.Біреудің үйі өртенсе, оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.Қалы үлкейіп кетпесін деп қалымен туылған баланы Қалдыбай, Қалдыгүл деп атайды.Пәле-жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастарды арша түтінімен ыстайды.Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.Өліктің денесі оралған кілемді түнде жұлдызға қаратып жайып барып пайдаланады.Шашалған адамға «мал қап» дейді.Ет турағанда бір кесек ет қалып қойса, ет тураушыға өтірік айтатының бар екен дейді.Біреу қайтыс болды деп ескертіп, кейін ол тірі болып шықса, «көп жасайды екен» деп ырымдайды.Үйдің өз сәбиі үйге «ассалаумағалейкум» деп кірсе, ол үйге көп кешікпей қонақ келеді.Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.Бас киімді теріс қаратып киген жаман істің белгісі.Айта берсек, ырымдар мен тыйымдарды тауысу қиындау болатын шығар. Олардың тәрбиелік мәні ұшан-теңіз. Жақында мынадай жағдай болды. Көлікте отырғанбыз. Аялдамадан қыз бен жігіт мінді. Жігіт басындағы «кепкасын» теріс киіпті. Ал, қыз шашын бос жіберіпті. Иығына түсіп тұр. Бала менің жанымдағы бос орынға жайғасты. Қыз алдымыздағы орындыққа жайғасты. Жігітпен амандастым. Амандық, саулық сұрастық. – Балам, – дедім жәй ғана, – бір нәрсе айтайын өкпелемейсің ба?– Ата, айтыңыз, ақылды тыңдаймыз, өкпелейтіндей ешнәрсе айтпайтын адамға ұқсайсыз.– Бас киіміңді теріс кигенің ұнаңқырамай тұр. Қазақ оны жаман ырымға балайды. Мына қыздың саған жақындығы бар сияқты ғой. – Жақында үйлендік, келіншегім…– Онда айтып қоясың ба, қалқам, шашты бос жібермейді. Ол жамандық шақырады…Жігіт ойланып қалды. Бірінші бас киімін дұрыстап киді де, маған қарады.– Ата, Сізге үлкен рахмет! Келіншегіме үйге барған соң түсіндіріп айтамын. Өстіп, біз білмейтін нәрселерді жәйлап айтып отырсаңыздар ғой, қандай жақсы болар еді. Мен өзім балалар үйінде тәрбиелендім. Келін-шегім де сондай. Бізге кім не үйретті дейсіз. Сізге рахмет, – деді.Мен мәз болып қалдым. Айтқаныңды тыңдайтын жастарға кездескеніме қуандым. Осы оқиғаның ертеңіне университеттердің біріне бара жатқанмын. Жолдан өту керек болды. Бағдаршамды күтіп тұрмыз. Жанымда бір қыз тұр. Құлағына бірдеңелерді тығып қойыпты. «Мына бала жолдан өтіп бара жатқанда машиналардың сигналын да естімейді» деп ойладым. Бірдеңе айтқаныңмен естімейді. Тыңдайтын құлақ болмаса қайтесің енді…
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста