Түннің не құпиясы бар?

Түн – адамның түрлі түс көретін ғажайып мезгілі, қаншама ой, сиқырлы шабыт келетін тылсым уақыт. Құдаймен қауышуға таптырмайтын оңаша сәт. Ғашықтар үшін ең қолайлы шақ. «Ғашықтардың түнде қалай ұйықтайтынына түсінбеймін» депті бір ғұлама. Жаратушының жамалына ғашық адам жақсы ойларын ешқашан ұйқыға бастырмайды...
Расында да, адамның түн құшағына сүңгіп, жыпырлаған жұлдыздарға көз тігіп, жиі-жиі тұңғиық ойға бататыны несі екен, а! Кез келген адамға өмір сүріп отырған әлемімізде өзіне де беймәлім бір нәрсенің жетпей тұратыны анық. Ол сірә, о баста Адам ата мен Хауа ана өмір сүрген жайлы Жұмаққа деген тартылыс пен ұмтылыс болар. Жұмақта болмасақ та, көрмесек те, генетикалық тұрғыда біздің сана-сезімімізде Жұмақ туралы естелік сақтаулы. Содан болар, бізді үнемі жерден тыс белгісіз ғарыш жақ ынтықтырып, өзіне қарай ұдайы тартады да тұрады. Бірақ нені аңсайтынымызды тілмен айтып түсіндіре алмаймыз. Тек осынау алып та алыс әрі сан жетпейтін ғарышта адамзат жалғыз өмір сүріп жатыр ма деген қалың ой мазалайды.
Негізі біздің айтпағымыз – түн. Түннің құпиясы. Жалпы, адам миы күндіз жұмыс істеп, түнде демалуы керек. Біз осылай ойлаймыз. Ал ғалымдар адам миы ең жақсы жұмыс істейтін кез таңертеңгі мезгіл екенін және ми күндізге қарағанда түнге қарай әлдеқайда жақсы жұмыс істейтінін дәлелдеп отыр.
Шынында да, мезгілдің ең құпияға толы кезі – түн. Ақын-жазушылардың көбісі өз шедеврлерін дәл осы уақытта туғызады. Дәл осы мезгілде Құдай әлемге әмiрiн жаяды.
Ал енді адам баласының жарық дүние есігін ашатын және жабатын кезі неге түн ауа, таң сарғая өте жиі болады?
Тәуліктің әр сағатының өз биоырғағы бар. Мәселен, таңғы сағат 8-де дәрігерлер кім-кімге де аздаған болса да арақ ішуге тыйым салады. Дәл осы уақытта «ащы су» бауырды бірден «отырғызып» тастайды екен. Ал түнгі 01.30 бен 02.30-дың арасы «соқыр мезгіл» делінеді. Көздің көру қабілеті ең төменгі шегіне жететін шақ. Бұл кезде кітап оқымаған және көлік жүргізбеген жөн.
Биоырғақтың бәрінің ғарышпен байланысы бар. Тәуліктік биоырғақтар Жердің өз осін айналуына байланысты. Сондықтан да планетамызды мекендейтін тірі организмдердің бәрінің өз биоырғағы бар. Жан-жануардың да, жорғалаған жәндік-пәндіктің де, ұшқан құстардың да биосағаттары адамдыкіндей.
Ертеде уақыт хабаршысы атанған әтеш неге дәл бір уақытта шақырады? Әтеш сағат пайда болмай тұрған заманның өзінде адамды ұйқыдан оятқан. Бұл – биосағат.
Сол сияқты аналардың түн жарымынан сағат таңғы 4-ке дейін өте жиі босанатыны ғылыми дәлелденген жайт. Сондай-ақ түнгі сағат 4-тің кезі адамдардың ең көп ажал құшатын мезгілі екені дәлелденген.
Мұсылмандардың түнде тұрып оқитын таһажжуд деген намазы бар. Пайғамбарымыз сүннет намаздардың ең қайырлысы әрі адамды Аллаға барынша жақындататын осы түн жарымында ұйқыны бұзып оқылатын намаз екенін әрі түн жарымында тілек-дұғаның қабыл болатынын айтқан.
Дәрігер ғалымдар осы түнгі намаздың медициналық тұрғыдан адамды инфаркт алудан сақтайтын бірден-бір «ем-дәрі» екенін бір ауыздан мойындаған. Мәселе мынада, түн жарымында ұйықтап жатқан адамның денесі өзінің босаңситын шегіне жетеді, қан қысымы төмендейді. Міне, медициналық тұрғыда дәл осы кез адам денсаулығы үшін қауіпті шақ саналады, себебі бұлшық еттер босаңсып, қан тамырлары кеңіген шақ, қан өте баяу ағады. Осындай кезде жүрек өзінің қан айдайтын негізгі функциясын әрең атқаратындықтан, қанның тамырда тұрып қалуы мен ұюына қолайлы жағдай туады.
Осындай түн жарымында, әсіресе, жасы ұлғая бастаған адамның ұйқыдан тұрып дәрет алып, намазға тұрып Құдайға жалбарынуы қан айналысын қалпына келтіріп, организмге тыңнан қуатты күш береді, тән мен жанға жеңілдік береді.
«Әр түнде бір сәт бар, Алладан не сұрасаң сол тілегің қабыл болатын» деген хадис те түннің сырлы ғажайыптығынан хабар береді.
Түн тыныштығы кез келген адамды шабыттандырары анық. Маяковский трамвайда келе жатып өлеңді жақсы жазса, Эйнштейннің басына небір тың жаңалық дәл душтың астында жуынып жатқанда келеді екен. Десек те, шығармашылық адамдарының басым көпшілігіне шабыттың кешке және түнге қарай жиі келетіні дәлелденген. Ақындардың көбісін мұңлы муза түнде мазалайды.
Жаратушы небір ғажайыптарды түнге жасырған. Бұған мысал ретінде Исламдағы мүбәрак түндерді алайық.
Ережеп айының алғашқы жұма түні «Рағайып түні» деп аталады. Ал 77-түні – Миғраж түні. Миғраж кезінде Пайғамбар көкке көтеріліп, оның алдынан ашылған ғаламның сансыз кеңістігін оған дейін де және одан кейін де ешкім көрмеген. Мұхаммед пайғамбар Жебірейіл періштенің өзі ары қарай көтеріле алмаған жерге дейін жеткен. Алдынан перде ашылып, Алланың жаратқан сансыз нығметтерін өз көзімен көрген. Уақыт пен кеңістіктен тыс Құдайдың өзі Оған тікелей тіл қатқан.
Шағбан айының он бесінші түні «Бәрат түні» деп аталады. Бұл түні адамның бір жылдағы ризық-несібесі, бай немесе кедей болатыны, сау немесе ажалының келуі белгіленеді. Яғни бір жылдық тағдыры анықталатын түн. Рамазан айының 27-сі – Қадір түні. Құран осы түні Пайғамбарымызға түсе бастаған.
Міне, түннің сиқыры, тылсымы, ғажайыбы деген – осы!
aikyn.kz

Автор: Төреғали Тәшен
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста