Шашы күніне бір қарыс өсетін қыз

Ешқандай түсінік бере алмағандықтан, кейде өз көзіңмен көрген нәрсеге өзгені сендірмек түгілі өзің де сене алмайсың. Өйткені, мына заманда ғылыми тұрғыдан негіздеп бермесең, көзі ашақ адам айтқаныңа сене қоймайды. Адам сенгісіз осы бір оқиғаны «Алаш айнасы» арқылы айтып берейін. Ал, оған сену не сенбеу өз еркіңізде.

Ол кезде мен 7 сыныпта оқитынмын. Шамама қарамай, көршінің өзімнен бір жас үлкен қызына да қырыңдап қоятынмын (жігіттіктің алғашқы белгісі болса керек). Сол көрші үйдің 10 баласы бар еді. Бес ұл, бес қыз. Екі үйдің арасы ашық болатын (ол кездері көрші тұрған үйлердің көбі солай). Сол үйдің үлкен қызы тұрмысқа шықты. Арадан екі жыл өтті. Көрші үйдегі апа қызының перзент сүйе алмай жүргенін айтып қамығып қалатын. Бір күні шәй ішіп отырғанымызда сол апа үйге жылап кірді. Айтуынша, қызы көтеріліп ауыратын болыпты. Кеш қараңғысында күлтөбеге қоқыс төгуге барып, сол жерде есінен танып, құлап қалған. Екі күннен кейін ауруы байқалған. Анам басу айтып, сөзбен демеп жатты, мен де апаны қатты аядым. Ол кісі ешкімге қатты сөйлемейтін, үнемі күліп тұратын кісі еді. Үйіне бара қалсаң, ауладағы бақшасынан жеміс-жидек үзіп бере қоятын, мейрімді жан болды. Сол үшін ол кісіні бәріміз де жақсы көретінбіз. Сондықтан да болар, ол кісінің жылағаны менің де жаныма қатты батты.

Арадан бір апта өткенде ауырған қызын үйіне әкеліпті деп естідік. Балалық па әлде адамның табиғаты солай ма, әйтеуір сол қызды көргіміз келеді. Күнде сол үйге қарай мойын созғанымызбен ол қыз көрінбеді. Апа да үйге келуін қойды. Тіпті аулада да сирек көретін болдық. Өзге баларары да ол туралы тіс жармайды. Не жағдай екенінен хабарсызбыз. Білгенше, асықпыз. Арадан 10-15 күн өткенде көршінің ауырған қызы аулаға шықты. Кейін білсек, 10-күн үйде қамап, үш молда оқыған екен. Кішкене дұрыс болған соң аулаға шығарыпты.

Бұрынғы жағдайымен алыстырғанда дұрыс деуге болатын шығар, алайда мінез-құлқы дұрыс емес. Молдаға оқытқанға дейін ешкімммен сөйлеспей, көшеге түсіп қашатын болған екен. Молда оқыған соң онысын қойып, адаммен сөйлесетін болыпты. Кейде, өз-өзімен сөйлесіп, айғайлап күліп, кішкентай сіңлісімен балаша қуысып ойнайды. Тізеге түскен ұзын қара шашын жайып жібереді. Бұрын да шашы ұзын болатын, бірақ тізеге түскенін байқамаған екем. Бұған дейін ешкім де байқамаған. Сөйтсек, ауырған соң шашы сағат санап өсе бастапты. Апаның айтуынша, күнде шашының 15-20 сантиметрін қырқып отырады екен. Алғаш үйіне әкелгенде шашы жерге сүйретіліп келген көрінеді.

Алғашқы «ужасты» кинодан емес көршінің қызынан көрдім

Көршінің науқастанған қызы кейде екі үйдің арасындаға жалғызаяқ жолдың шетінде шашын жайып, басын төмен салып отыратын. Көршінің үйінде шаруамыз болмаса да, сол қызды жақынырақ көргіміз келіп, әрі-бері өте беретінбіз. Бір күні кеш қараңғы түсіп қалған кезде анам көршінің үйінен нан алып келуді тапсырды. Ойымда ештеңе жоқ әндетіп көршінің ауласына өте бергенде мыстан кемпір ме, шайтан ба, әйтеуір шашын жайып жіберген бір құбыжық айғай салып, қолымнан шап беріп ұстай алды. Жан даусым шығып, айғайлап қашып барып, көршінің үйіне қалай кіргенімді білмеймін. Көрші апа, «не болды, неден қорықтың» деп бауырына қысып, басымнан сипап жатыр. Бір кезде баяғы құбыжық артымнан үйге кіріп келмесі бар ма. Ол үйдегілер құбыжықтан емес менің жан ұшыра айғайлағанымнан қорқып кетті-ау. Өйткені оларға құбыжық таныс қой. «Үйден қашан шығып кеткен байқамай қалыппыз ғой» деп жатыр. Айтылып жатқан әңгіменің бірі құлағыма кірсе, бірі «мимо» кетіп жатты. Көршінің қызы болса «не болды» деп күліп тұр. Оның құбыжық емес екеніне көзім жетсе де қорқыныш басылар емес. Әрең өзіме келдім. Абырой болғанда келген шаруамды ұмытып қалмаппын. Нанды алып үйге бет алдым. Үйге бару үшін бағанағы жерден қайта өту керек. Бірақ бата алар емеспін. Қорқып тұрмын деп көршінің үйіне кіруге намыс жібермейді. Бір кезде біздің үйдің ауласындағы шам жанып, үйден біреу тысқа шықты. Сол сәтті пайдаланып, бірден 4-ші «скоростқа» салып, бастым-ай кеп. Сол кездегі жылдамдықпен кез-келген желаяқ спортшыны жолда қалдырар едім-ау. Содан кейін бірнеше күн кеш болған соң есік алдына шықпай жүрдім.

Қайнаған суға қол жуатын

Көршінің қызына қатысты тағы бір таң қаларлық жағдайға куә болдым. Бір күні түс мезгілінде есік алдында тапшанда шәй ішіп отырғанбыз. Үйінен шыққан көршінің қызы біздің шәй ішіп отырғанымызды көріп, дастархан басына келіп отырды. Анам «дәмге кел» деп шәй құйды. «Онда мен қолымды жуайын» деп ыстық су құюлы тұрған құмғанды қолына алды. «Ондағы су ыстық» деп айтқанға қарамастын қолына құйып жіберді. Қолы күйіп қалды-ау деп бәріміздің жанымыз түршікті. Ол ештеңе болмағандай, ыстық сумен қолын екі рет шайып, орамалмен сүрте бастады. Қолы қып-қызыл болып кеткен, бірақ күлдіреп, күйіп қалған із байқалмайды. Әңгімесін айтып шәй ішуге кірісті. Бәріміздің көзіміз соның қолында. Арадан сәл уақыт өткенде қолының қызарғаны басылды. Бірақ күйік байқалмайды. Қолыңды көрейін деп айтуға ешкімнің дәті бармайды. Бір шыны шәйді ішіп болып ол үйіне кетті. 10-15 минуттан кейін анам көршінің үйіне барып, болған жағдайды анасына айтады. Анасы қызын шақырып, қолын қараса, ешқандай күйіктің нышаны жоқ дейді. Сонда анам бұған не сенерін, не сенбесін білмей келген еді.

Молдалар екі ай бойы араға он күн салып оқып отырды. Үшінші айға қарағанда көршінің қызы науқасынан арылып, шашының өсуі тоқтады. Ыстықты да сезетін болды. Үш айдан соң ауруынан құлан-таза арылып, үйіне қайтты. Бұл күнде көршінің сол қызы екі ұл, үш қыз өсіріп, бірнеше немере сүйіп, әже болып отыр.
Автор: Аралбай Қошаманов, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста