Шайтанның азғыруы...

Шайтанның азғыруы...

Емхана. Бір бөлмеде өлім мен тіршілік арасында арпалысып екі сырқат жатыр. Олардың бірі терезенің түбінде, екіншісі есік жақта жатады. Екеуі де орындарынан алысқа жылжи алмайтын күйде жатыр. Терезе қасындағы кісі таң атқаннан кешке дейін есік жақта ештеңе көре алмай жатқан көршісіне көрген-білгенін айтып, көңілін көтеріп жатады.

 

Бүгін теңіздің толқыны әжептеуір басылып қалды. Жел саябырсыған болуы керек...Сонау көз ұшында аққудай қалқып бір кеме келеді... Саябақ та бүгін тып-тыныш...Анау бір ана қызының шашын сипап отыр...Мына бір ағашты қарашы. Бүршік атайын деген бе, қалай? .. Әне бір балалар қолдарында шарды аспанға ұшырып ойнап жүр...Осылайша түрлі тақырыптардағы әңгімелерді айтып жататын. Анда-санда терезеден сыртқа көз тастап қояды.

 

Сөйтіп қоңырқай күндер өте береді. Бір күні терезе түбіндегі науқастың жүрегі ұстап қалады. Дәрігерді шақыратын түйме есік қасындағы сырқаттың қолы жететін жерде. Түймені басса дәрігерлер шауып келеді. Бірақ...сол түймені баспайды. Дәрігерді шақырмайды. Сондай істі жасатып отырған не нәрсе екенін өзі де сезбейді. Шайтан араласып кетсе, жақсылық жасалмай қалатыны бар емес пе? Қазір де сондай болды. Сайтан оған: «Баспа! Баспа! Терезе түбіндегі орын босаса, сырттағы әдеміліктің бәрін өзің көресің. Қашанғы біреудің айтқанын ғана тыңдап жатасың?» деп сыбырлай бастайды.

 

Осындай ойлардың тұманынан шыға алмай жатқанда, қасындағы көршісі қиналып, қиналып жан тапсырды.

 

Сайтанның айтқаны болды. Шынында да, есіктегі сырқат төрге, терезе түбіне ауысты. «Міне, Құдай берді! Ал енді бар қызықты өзім көретін болдым» деп қуанған сырқат басын көтеріп, терезеге мойын созды. Қызықтың көкесі енді болды. Сөйтсе, терезенің арғы жағында қап-қара биік қабырғадан өзге еш нәрсе жоқ екен. Теңіз де, парк те, жап-жасыл ағаштар да ойдан шығарылған әңгімелер екен. Сонда ғана ол шайтанның азғыруына түскенін білді. Бірақ бәрі кеш еді...

 

mazhab.kz

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста