Қыдыр атаны көрген Тұран

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Негізі әр адамға өмірінде Қыдыр ата үш рет кезігеді екен. Ол не адам, не аң, не құс кейпінде кездесуі мүмкін деседі. Қандай кейіпте кездессе де ол адамға зиян келтірмейді. Егер оған қарсы әрекет жасамай, жақсылық жасасаң сол жақсылығың өмір бойы өзіңе он есе жақсылық болып қайтады деседі. Егер адам бейнесінде кез болса, оны біліп, амандасып, тілек сұрасаң, сол тілегің 50 жылға дейін қабыл болады екен. Сондықтан үлкендер Қыдыр атаға кез болып, тілек сұрасаң «Ештеңеден кем қылма» деп тілек сұра дейтін. Бүгін «Алаш айнасы» Қыдыр көрген Тұран әулеті жайлы айтпақ.

Қыдыр дарыған әулет
Біздің жақты бір әулетті – Қыдыр дарыған әулет дейтін. Үлкендердің айтуынша, сол әулеттің үлкен атасы Қыдыр көрген екен. Үлкендердің айтуынша, оқиға былай болған: 40-шы жылдары алпысты алқымдаған Тұран деген ақсақал кешке ауыл шетіндегі үйден қонақтан қайтып келе жатады. Үйіне таяп қалғанда, алдынан жаңа ғана өзімен қонақта болып, сол үйде қалып қойған, өзінен 10 жас үлкен ақсақал кез болады. Ақсақалмен амандасып жатып ана үйде қалып қойған ақсақалдың алдынан шыққанына таң қалады. Және ақсақал өте ширақ көрінеді. Іші бірдеңені сезе қояды да, «Ата бата бер» деп қолын жібермей қояды. Үш рет сұрағанда Ақсақал «қолыңды жай, тілегіңді тіле» дейді. Сонда Тұран «ұрпағым дәулетті болсын» деп тілек тілепті. Әумин деп бет сипаған соң Ақсақал ғайып болады. Сол кезден бастап Тұранның ұрпағына дәулет пайда бола бастайды. Сол Тұраннан тараған ұрпақ 90-шы жылдарға дейін бай-қуатты күн кешті.
Тұранның кіндігінен тараған үш баласы болған. Жақан, Мақан, Ақан. Жақан соғысқа кетіп, қайта оралмаған. Ал Мақан соғысқа бармай, төрт сыныптық біліммен бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған (ол кезде бөлім меңгерушісінің қызметі кейінгі совхоз директоры деген лауазыммен тең болған екен). Әкесі амалын тауып Ақанды да соғысқа жібермеген. Тұран ақсақал 1946 жылы өмірден озады. Бөлім меңгерушісі болған Мақан мыңғырған мал жиып, сол аймақтағы бай-бақуат адамдардың бір болады. 60-жылдардың басында Мақан науқастанып, қызметтен кетіп, көп ұзамай қайтыс болады.
Сол жылы Жақанның артында қалған екі ұлдың үлкені Қайсар (екінші ұлы Қайып) бөлім меңгерушісі болады (Қайсар ата әкеммен туысқан апамыздың күйеуі еді). Ол кісінің де 7 сыныптық қана білімі болған. Сол кезден бастап дәулет енді Жақанның балаларына ауа бастайды. 60-сыншы жылдың соңында Қайсар ата совхоз директоры болып тағайындалды (сол кісінің арқасында әкем де ортаңғол қызмет атқарды. Ол кезде мен 10 жасар баламын). Қайсар ата 1975 жылы қайтыс болды.
Одан кейін дәулет-байлық сол совхозда бас инженер болып істеп жүрген Қайсар атаның немері інісі, Ақанның ортаншы ұлы Сәрсенбекке ауды. Арадан екі-үш ай өткенде ол совхоз директоры қызметіне тұрды. Алайда, ол кісі екі жылдай қызмет атқарған соң, науқас болып қайтыс болды (сол кезде жас шамасы 40-тарда).
Қызықты қараңыз, Ақанның ұлы қайтыс болған соң арадын екі ай өтпей жатып, жоғарғы білімі болмаса да, совхозда бөлім меңгерушісі болып істеп жүрген Мақанның екінші ұлы совхоз директоры болып тағайындалды (кейіннен, директор болып жүргенде ауыл шаруашылық институттын сырттай бітірді). Ол жасы 30-дан енді асқан жігіт ағасы болатын. Ол 5-6 жыл совхоз директоры болды.
50 жылда ел жаңа
90-шы жылға дейінгі қалған 7-8 жылда бірде Мақанның ұлы, енді бірде Қайсар атаның ұлы кезек-кезек совхоз директоры қызметін атқарды. Қайсар атаның алты ұлы болатын. Ағасы директор болған соң қалғандары да қызметке ілініп жататын. Бір қызығы екі атаның баласының біреуі басқа бір совхозға директор болса, екінші атаның баласы мына жақта жұмыстан босап қалатын. Қанша талпынса да, екеуі бір мезгілде директор бола алған емес. 90-жылға келіп, барлығы қызметтен айырылды. Сол кездері Тұран ақсақалдың Қыдырға кез болғанына да 50 жыл болған екен.
Менің өзім куә болғаным, Тұран атадан қалған ұрпақтың ішінде мектепте жақсы оқыған бірде-біреуі болған емес. Бәрінің де білімі орташа не төмен болатын. Қайсар атаның бізбен бір сыныпта оқитын баласы бірде-бір сабаққа бейімі жоқ болды. Ешқашан тақтаға шығып сабақ айтпайтын. Ағасы директор болып тұрған кезде ақшамен институтқа түсіп, әйтеуір 7 жыл дегенде бітіріп шықты. Кейін тәп-тәуір қызмет атқарды.
Бір таңқаларлығы, Тұраннан тарған ұрпақтың бәрінің де бойында адаммен тез тіл табысып, сенімге кіретін қасиет болатын. Адамды айтқанына сендіретін. Адамдармен тез мәмлеге келе қоятын. Сонан соң бәрі де өзі отырып, өзгені жұмсағанды жақсы көретін. Өзінен 10 жас үлкенге де «ананы әкеле салшы» деп жұмсай салатын. Ал, ондай әрекет бізге өрескел көрінгенмен оларға қалыпты болатын.
Қазіргі таңда Тұраннан тараған ұрпақтың қызмет істеп жүрген бірде бірі жоқ. Үлкендердің Қыдыр ата батасының 50 жылдан кейін күші кетеді дегені рас па екен?! Бір қарағанда аңыз сияқты. Бірақ бүгінгі күні байыптап қарасам, Тұраннан тараған ұрпақ бақытты болмаса да, 50 жыл бай-қуатты ғұмыр кешкен екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста