Қар адамы туралы ақиқат пен аңыз

Бiз қар адамы немесе жабайы адам деймiз. Үндістанда оны йети деп атаса, Австралияда — яху, Америкада — бигфут, Ресейде — анчутка, леший деп атайды.

Әлi күнге дейiн қар адамының құпиясы ашылған жоқ. Ғалымдар жарты ғасырдан астам уақыт қар адамының мекенiн iздеп, зерттеулер жүргiзуде. Тiптi қар адамын көзбе-көз көрдiк дегендер де бар.

Қар адамы туралы болжамдардың бiрiн Ресей ғалымы Борис Поршнев айтқан болатын. Ол, «қар адамы — неандерталдық адам. Бiздiң арғы ата-бабаларымыз кроманьондықтар, оларды адам баласы баспаған ну ормандарға, биiк тауларға ығыстырып шығарып жiберген болу керек» деп тұжырымдайды Б.Поршнев. Ал, ендi «сонша ғасырлар бойы қар адамының ата-бабасы неандерталдықтар неге өзгерiске ұшырамаған, бастапқы қалпын қалай сақтап қалған?» деген сұрақ туындайды (кроманьондықтардың бет пiшiнi, қаңқа сүйектерi т.б. өзгерiске ұшырады ғой).

Криптозоологтардың пiкiрiнше, жер бетiнде адамның арғы атасының осы екi түрi бiр экологиялық сатыда өмiр сүрcе керек. Сондықтан ақыл-есi жоғары адам күндiз белсендi болса, ал қар адамының белсендiлiгi түнде артады дейдi.

Ақыл-есi жақсы дамыған адамзат табиғатты түрлендiрiп, құлпырта алады, ал қар адамы тек сол табиғатта өмiр сүредi. Адам өзiнiң өмiрлiк тәжiрибесiне, ақылына жүгiнсе, қар адамы тек iшкi түйсiгiне ғана сенедi. Ғалымдардың пiкiрiнше, қар адамында телепаттық қасиет адамға қарағанда өте жақсы дамыған. Тура осы қасиеттiң арқасында болар, қар адамы адамдар қойған әр түрлi қақпандарға, торларға түспей аман құтылып кетедi. Қолға түскен жағдайдың өзiнде де, көзден ғайып болады, яғни оларды ұстау тiптi мүмкiн емес.

Криптозоолог Майя Быкованың пiкiрiнше, қар адамы қолға түскен кезде, телепатиялық қасиетiн қолданып, адамды бiр сәт гипноздағандай болады. Осы сәттi пайдаланып, қар адамы ұсталған жерiнен сытылып қашып кететін көрінеді. Қуғыншылардың көзiн «байлағанымен» де, бiрақ олар өз iздерiн жасыра алмайды.

Қар адамы Жер шарының барлық аймақтарында кездеседi. Бiр қызығы, қар адамы топ-топ болып жүрмейдi. Бiрдi-екiлi болып ғана кездеседi. Егер олар топтасып жүрсе, жер бетiнен жойылып кету қаупi төнер едi.

Неандерталдық адам мен кроманьондық адам бiр түрге жатпайды. Екеуi екi бөлек түрге жатады. Олай болса, неандерталдық пен кроманьондықтан туған бала әрi қарай ұрпақ жалғастыра алмауы мүмкін. Мысалы, есек пен аттың будандастырылған түрiнен туған қашырда ұрпақ болмайды. Ал қар адамы мен адамнан ұрпақ тарайды екен. Оған мына мысал дәлел бола алады. ХIХ ғасырда Абхазияның Пхино селосы маңайындағы Задан тауында мекен еткен қар адамын аңшылар ұстап алыпты. Оны ұстаудың өзi онша қиынға соқпаған болу керек. Бiр аңшы тер сiңген шалбарын ағаштың бұтағына iлiп қойыпты. Қар адамы сол иiске келген кезде, тығылып отырған аңшылар оны тор лақтырып ұстап алыпты. Сыртқы пiшiнi тура қар адамы: басында ұйпа-тұйпа қап-қара қайратты шашы бар, бет сүйегi iрi, жақ сүйегi алдыға қарай шығыңқы орналасқан, бойы ұзын, екi метрдей денесiнiң бәрiн жүн қаптаған, ал саусақтары адамдiкiне қарағанда ұзын және жалпақ. Адамша сөйлей алмайды, тек дыбыс қана шығара алатын болған. Осындай бiр ғажайып тiрi жанды көрмеген аңшылар, таңқалып, таңдай қағысады. Аяқ-қолын байлап Абхазия князi Д.Ачбеге сыйға тартыпты. Көп ұзамай, бұл жабайы экзапикадан жалыққан князь, оны өзiнiң досы Челокуаға сыйлайды. Ол жерде де еркiндiктi сүйетiн қар адамы жабайылығын көрсетедi. Челокуа да әрең шыдап, князь Эдги Генабеге бiр шөлмек шарапқа айырбастап жiбередi. Генабе оған Зана деген ат бередi. Уақыт өте келе, Зана адамға үйiр болып, тынышталады. Оны ешкiм ренжiтпейдi, тамағын тойдырып қояды. Қораның төбесiндегi тесiктен тамақ, сусын берiп отырған екен. Себебi, Зана алғашында қашпақ болып, алдына келген адамдарды жарақаттапты. Ендi бара-бара оны қорадан алып шығып, үйдiң қасындағы қоршаудың iшiнде ұстапты. Адамға үйiрсек болғаны сонша, ендi оны байламаса да, аулада еркiн жүреді. Зана бiраз уақыттан соң азын-аулақ жұмыстарды да iстей бастайды. Мысалы, бiр қолымен 80 келіге дейiнгi заттарды оңай көтере салатын болған. Диiрменнен ұн тасып, ал қыста мұздай суға шомылып жүре берiптi. Қожайыны киiм кигiзгiсi келгенде, киiмдi лақтырып тастапты. Жабайы Зана аптап ыстыққа шыдай алмаған, күн ыси бастаса өгiздермен бiрге өзендегi суға түсiп, кешке дейiн рахаттанып жататын болған деседi.

Жергiлiктi ауылдың жiгiттерiнен Зана бiрнеше рет жүктi болған екен. Босана салысымен баланы тастай суға шомылдыратындықтан олар бірден шетiнеп отырған. Ауыл әйелдерi жанашырлық танытып, босандырып алып, өздерi күтiп, Зананың екi ұл, екi қызын аман алып қалған. Үлкен ұлы Джанда, үлкен қызы — Коджанар, екiншi қызы Гамаза, кiшi ұлы Хвит — бұлардың барлығы кәдiмгi адамдардан еш айырмашылығы болмаған. Сөйлейдi, ақыл-естерi дұрыс. Тек терiлерi қара түстес болған. Олардан да ұрпақ таралыпты. Ал ендi Зананың балаларының әкесi кiм екенiн ешкiм бiлмептi. Ауыл адамдары оның бiр ұл, бiр қызының әкесi князь Эдги Генабенiң дәл өзi деседi. Зананың өзi адамдар арасында 50 жыл өмiр сүрiп, босана алмай шамамен 1885-90-шы жылдары қайтыс болған көрiнедi.

Зана шынымен де қар адамы ма, кiм бiлсiн? Кейбiр ғалымдар оны неандерталдық адамның тұқымы десе, ендi бiреулерi, туғаннан ақыл-есi кем болған қыз орманға кетiп қалып, адасып кеткен кәдiмгi адам деседi. Әр елдiң өзiнiң қар адамы сол ұлтқа ұқсайды дейдi ғалым Александр Белов.

«Қар адамы қай жердi мекен етсе, сол елдiң, яғни, ұлттың антропологиялық кескiнiнен айнымайды» — дейдi А.Белов. Мысалы, Азияда монғол типтес болып келсе, Солтүстiк Америкада үндістерге ұқсайды екен. 1940 жылы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң түлегi биолог Ван Зелин өлген адамның мәйiтiн зерттеген. Оны Монғолияда аңшылар байқамай аң екен деп атып алыпты. Шынымен де, жаңағы мәйiт монғол ұлтына ұқсайды екен: кең жақты, қысыңқы көз т.б.

Осы ерекшелiктердi алға тарта отырып, А.Белов криптозоологтар үшiн күтпеген болжам жасады: «Ешқандай да қар адамы жоқ, бұлар тек әр түрлi себептермен жабайы болып кеткен адамдар» — дедi. Ақыл-есi кем адамдарды XVI-XVIII ғасырларда адам аяғы баспаған аралдарға, ну ормандарға апарып тастаған көрiнедi. Жеңiл жүрiстi әйелдердi де сол жерлерге апарып тастаған. Орта ғасыр хроникаларында осындай аралдарға ат басын тiреген кемедегi адамдар аралда денесін жүн басып кеткен жабайы адамдарды көрген. Жабайы адамдар сол ортаға бейiмделiп, олардың түрлерi де өзгерiп кетедi дейдi ғалымдар. Оның куәсi кәдiмгi «Маугли» феноменi деуге болады. Сәби кезiнде орманда адасып кетiп, қасқырлар асырап алған Мауглидi бәрiмiз кітаптан бала кезiмiзден бiлемiз.

1996 жылы Қытайдың шалғай бiр ауданында кiшкентай тiрi жан иесiн аңшылар бамбук аюларының балаларымен ойнап жүрген жерiнен тауып алған. Баланың денесін түгел жүн қаптап кеткен. Өзiнiң үстiн мысық тәрiздес жалап қояды екен, ағаштың жапырағын қорек қылған. Қолының сау- сақтарының, аяғының башпайларының тырнақтары ұзын болған.

Қар адамы феноменi туралы әлi де құпия көп. А.Беловтың болжауы шындыққа жақын десе болады. Әр ұлтта өзiнiң қар адамы бар. Мүмкiн, А.Белов тұжырымдағандай, ешқандай қар адамы жоқ шығар, тек, жабайы болып кеткен, ақыл-есi кем адамдар шығар? Кiм бiледi? Бұл әлi құпия.

anatili.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста