Қабір топырағымен дуалайтындар

Қабір топырағымен дуалайтындар

Алматы облысында тұратын балгерлердің бірі елімізде адамды дуалау әдістерінің кеңінен таралып жатқанын айтып, дабыл қақты. Аты-жөнін атамауды сұраған ол адамдардың пиғылы өзгеріп бара жатқанына қынжылған деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ тілшісі.

Жиырма жылдан бері көпшілікті емдеуді кәсіп қылған балгер өзіне қасиет дарығанын айтады.

Емшілік жолды ұстанарда қарапайым тұрғынның бірі болған ол арқасы қысып, түсінде ата-бабалар рухы тыным бермеген соң, намазға жығылып, дерті бар адамдарды қабылдай бастаған.

"Мен алдыма келген сырқат жандарға шамам келгенше көмек беріп, емдеуге тырысамын. Ал қолымнан келмесе, бірден кесіп айтамын. Өйткені, азын-аулақ ақшаға бола жұртты әбігерге салғым келмейді. Алайда, соңғы кезде дуадан арылтуды сұрап келетіндер қатары көбейді. Әсіресе, кетіп қалған күйеуін қайтарғысы келеті әйелдердің санында шек жоқ. Ұйып отырған жанұясы мен бала-шағасын тентіретіп тастап кететін ер адамдардың көпшілігі дуаның әсерімен жүр. Арам пиғылды қыз-келіншектер еркекті қаратып алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - дейді балгер.

Емшінің айтуынша, дуалаушылар түрлі діни және тәңіршілдік әдістерге жүгінеді.

Мұсылманша "оқытып" тастайтындар да, христан дініне сәйкес "жолын жабатындар" да жеткілікті екен.

"Бір нәрсе ғана анық. Дуалаған адам да, дуаланған адам да алысқа бармайды. Түптің түбінде оның кесірі өзіне келіп тиері анық. Тіпті, шамадан тыс дуаланған адамның өліп кететін кездері де көп. Сондықтан, халыққа құдайдан қорқу керектігін тағы да ескерткім келеді. Мұның арты жақсылыққа апармайтыны сөзсіз.
Бір еркектің құшағына кіру үшін қанша адамның көз жасына қалатынын, онымен қоймай, дуалау арқылы Алланың қаһарына ұшырайтынын ұмытпау керек. Тіпті, соңғы кездері қабір топырағымен дуалап, өлім тілейтіндер көбейіп кетті. Қала шетіндегі қабірлерге бара қалсаңыз, бейіттердің арасында жатқан фотосуреттерді жиі кездестіруге болады.
Міне, мұның бәрі көзін тұман басып, арамдыққа бой алдырған жандардың тірлігі. Айналайындар, құдайдан қорқыңдар дегім келеді оларға", - дейді балгер. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста