От–Ару

  • 24
От–Ару

Ол өзінің қып-қызыл жалынға соншалықты неге құштар екендігін біле алмай-ақ қойды. Тек ен далада лаулап жатқан от болса деп тілейтін. Бірде түн ортасы ауа көрші ауылдан келе жатып, өз ауылына қарай асатын кеңмойнақтың үстінен лапылдап жанып жатқан отты көрді. Әлдебір тылсым күш еріксіз оны сол отқа қарай дедектетіп ала жөнелді.

 

Таяй бере лаулаған от алдындағы шоқ жыңғылдың тасасында қалды. Ол жыңғылды айналып өткенде жаңа ғана көз алдында лаулаған от ізім-ғайып жоқ болып кетті. Көз мөлшерімен манағы оттың жанып тұрған орнына барды. Ауаны жалынның жылы лебі кернеп тұр. Соншалықты құштарлықпен жеткенде жоқ болғанына іші удай ашыған ол от орнындағы жылы күлдің үстіне жалп етіп отыра кетті. Жанына жайлы бір шуақ ескендей болды. Лезде күлге жантайып жатып көзі ілініп кетті. Сұмдық өзі лаулаған өрттің ішінде жүр екен дейді. Жоқ, жер әлем бірақ өртке оранған іспетті. Бірақ денесінің еш жерін күйік шалмайды, қайта барынша сергек сықылды. Қарсы алдынан жалын кірпік, от көзді ару кезікті. Баяғыдан танитын танысы сықылды.

 

– Сүйіктім менің, сонша сағындырдың ғой, – деді қыз оның мойнына асылып тұрып. Қапелемде ол ешнәрсе айта алмай қалды.

 

– Не болды жаным, мені ұмытқансың ба, мен От аруымын ғой? – қыз сәл бұртиды.

 

Ол есіне еш нәрсе түсіре алған жоқ.

 

– Иә, одан бері қай заман. Жердің өзі жетіге бөлініп кетпеді ме… қыздың соңғы сөздері естілген жоқ.

 

Ол оянғанда таң саз беріп, атып қалған еді. Жайлы, жар төсегінен тұрғандай тамаша күй кешкен ол өз-өзіне сене алмай ауылға қарай аяңдады.

 

Содан бастап әр кеш кеңмойнаққа түнейтін болды. Бірақ отты ұстай алмай жүрді. Бірде ауылды кезіп жүретін есалаң шалдан:

 

– Ей, жынды шал, маған отты қалай ұстайтынын айтсаң мен саған арқан беремін… – деді кетіп бара жатқан шалдың жолын кесіп.

 

– Арқан… Арқан… қара ала ма… айтам.. қазір айтам, сары ала пышақты лақтырсаң сол пышақтан шығып ешқайда кете алмайды. Арқан кәне арқан?.. – шал тоқтар емес, шыр айналып жүр. Ол қораның түбінде жатқан атасының ала арқанын жынды шалға ұстата салды да, үйге кіріп әжесінің сандығындағы арғы аталарынан қалған сармойнақ пышақты алды да кеңмойнаққа қарай тартты. Оттың жанатын жеріндегі жыңғылдың түбінде түн болғанын асыға күтті. Ақыры түн ортасы ауа от та жанды лаулап. Аңдып отырған жігіт пышақты дәлдеп тұрып оттың ортасына қарай лақтырып қалды. Пышақ межелі жерге дәл түсті. Шыңғырған қыздың даусы шықты.

 

Жігіт лаулаған оттың ішінен өзінің түсінде көретін от аруын көрді. Отқа қойып кетпекке ұмтылып еді:

 

– Жақындама жаным, жазым боласың. Өртеніп кетесің, кет, әрмен кет, – деген қыздың даусына сәл тосылып қалды.

 

– Жоқ, мен өртенбеймін, түсімде көргенмін жаным сені, қанша аңсадым… осы күнді қанша күттім… Жігіт өзін отқа бірақ атты.

 

Қыз бен жігіттің құлында-құлын жанұшыра шыңғырған дауыстарын кеңмойнақтың екі жағындағы ауыл да естіді. Сыртқа шыққан олар жотадан лаулаған оттың көз жеткізіксіз аспанға созылып жатқанын көріп аң- таң қалысты. Бірақ ешкім де жақын баруға батпады. Тек таң атқан соң ғана мойнаққа келгендер оттың орнынан жалқы сармойнақ пышақты тауып алды, сабының аз жерін ғана күйік шалған екен.

 

 

Қойшыбек МҮБАРАК

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 232
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 281
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста